Қазақстанда өткен тәулікте 91 адам коронавирус індетінен емделіп шықса, 142 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР арқылы расталған.
Сондай-ақ, өткен тәулікте 10 адамның коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдыққаны анықталса, өкінішке қарай 1 науқас қайтыс болған. Бұл туралы коронавиурс 2020 сайтында жарияланды. Жалпы 1 тамыздан бастап қазірге дейін 36931 адам коронавирус жұқтырған. Ал, қайтыс болғандар саны 395-ке жеткен. Бүгінде 115 науқастың жағдайы ауыр, 16 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәл қазір 3 мың 88 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Оның 248-і – балалар екені өкінішті-ақ. Сондықтан, бұл індетке бейжай қарамай, тиісті санитарлық режимді сақтауды естен шығармайық.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.