Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, жерлесіміз Шавкат Рахмонов Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Әбу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде жеңіске жетті.
Жерлесіміз орта салмақта тәжірибелі бразилиялық Алекс Оливейрамен (22-8-1-2) октагонға шықты. Жекпе-жек үш раундқа есептелгенімен, көпке созылмады. Бірінші раундта-ақ жерлесіміз қарсыласын тұншықтыру әдісімен тізе бүктірді. Бұл 26 жастағы Шавкат Рахмоновтың UFC турниріндегі алғашқы жеңісі. Ол спорттық мансабында аралас жекпе-жектен 13 кездесу өткізсе, соның барлығында қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңген. Ал, оның қарсыласы болған бразилиялық спортшы аралас жекпе-жекте 10 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Соңғы бес жылда UFC турнирінде бақ сынап, 18 кездесуінің 11-ін ұтып, 9 рет жеңілген.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.