Қарағанды қаласында үлкен теннистен өткен жарыста 10 жастағы жерлесіміз Родион Трайгель мен астаналық Мадияр Тағыбековтің жұбы жүлделі үшінші орыннан көрінді.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Karaganda Masters 12& under» жарысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Ақтөбе және Атырау қалаларынан кілең мықты жас спортшылар қатысты. Оның ішінде 10 жастағы жерлесіміз Родион Трайгель астаналық Мадияр Тағыбековпен бірлесіп өнер көрсетті. Тартысты өткен жарыста аталмыш жұп қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі үшінші орын алды.
Осы ретте, жас теннисші Родион Ульяна Горлачеваның жетекшілігімен жаттығатынын айта кеткен жөн.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.