Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыз аң аулау тыйылмай отыр - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыз аң аулау тыйылмай отыр

Биылғы жылы Ақмола облысы бойынша аң-құс пен балықты заңсыз аулаудың 59 дерегі тіркелді.

Өкінішке орай, бүгінгі күні оңай жолмен олжа табам деушілер азаймай тұр. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында өңірдің жануарлар әлеміне 8 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Осыған орай, браконьерлікке қарсы күрес жүргізілуде. Рейдтер барысында әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде 54 қаулы шығарылған. Тіпті облыс аумағына заңсыз жолбарыс әкелу фактісі анықталыпты.
Облыс бойынша 138 аңшылық шаруашылық бар. Олардың жұмысы жіті бақыланады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Көкшетау инспекциясының басшысы Мұрат Шалабай өз сөзінде аңшылық, балық және орман шаруашылығы кодекстері мен заңдарының сақталуын қадағалайтындарын айтты. Біздің 12 инспектор 11 ауданды қадағалайды. Жыл басынан бері 1200 рейд жүргізіп, 2,5 миллион теңге айыппұл салдық. Оның 95 пайызы үкіметке төленді,– дейді инспекция басшысы.
Аңшылықпен заңсыз айналысу, құзырлы органдардың талабын орындамау табиғат-анаға жасалған қастандық болып табылады. Кейбіреулер заңды білмегендіктен, жазаланады. Оларды ешкім ақтап ала алмайды. Он жылдық тәжірибесі бар аңшы Василий Мелешенко аңшылық өнерді бүге-шүгесіне дейін меңгерген. Осы өңірден балық аулап, құс атамын. 10 жыл ішінде заңға қайшы әрекет еткен емеспін. Аңшы болған атам мен өзге тәжірибелі аңшылардан көп дүниені үйрендім. Бүгінгі күні сол кезде алған ақыл-кеңестерім көп көмегін тигізіп жүр. Жастардың теріс жолға түспеуі үшін тәжірибеммен бөлісіп отырамын,–дейді аңшы.
Жауапты ведомство өкілдері қорғауға алынған аймақтың қауіпсіздігін сақтау мақсатында әуесқой аңшылардың аң аулау кезіндегі талаптарды орындауын баса қадағалайды. Ол аңшының өз қауіпсіздігі және заң алдындағы міндеті болып табылады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар