Атбасар қаласында әйелінің өліміне себепші болып, оған қоса, ұрлық жасаған азамат тоғыз жыл бас бостандығынан айырылды.
Атбасар қаласында 35 жастағы тұрғын өз үйінде спирттік ішімдік ішіп, 2019 жылдың желтоқсан айында бірге тұратын әйелі көзіне шөп салғаны есіне түседі. Қызғаныштан ер адам өзіне сатқындық жасаған жаннан өшін алуға бел буады. Сөйтіп, ол өзі бірге тұратын әйелдің жатқан бөлмесіне кіріп, онымен жанжалдасып, еденге құлатып, бауыр тұсына жұдырығымен қатты соққы береді. Ашуға салынған ер азамат жұдырықпен соққыға алуды жалғастыра түскен. Әйел қарсылық көрсетуді тоқтатып, қозғалыссыз жатып қалған кезде үйді құлыпқа жауып, көшеге шығып кеткен. Сол кеткеннен үйге келмеген.
Келесі күні үйге оралып, есікті ашып, үйге кіргенде, ер адам өзінің өмір сүру белгілерінсіз еденде жатқан әйелін көреді.
Ер адам жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауапкершіліктен қорқып, әйелді сүйретіп, ферма ғимараттындағы жертөлеге апарып жасырып, содан кейін оқиға орнынан жасырынған.
Аталған қылмыс жасалғаннан біраз уақыттан кейін ер адам тағы бір қылмыс жасады. Ол көршісінің үйінің кілтін қайда қалдыратынын біліп, ол болмаған кезде үйге кіріп, металл ыдыс-аяқ пен қысқа дайындаған тағамдары бар банкаларды ұрлаған.
Атбасар полицейлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде аталған қылмыс жедел түрде ашылды, себебі, жәбірленушінің жоғалып кеткені туралы полицияға ешкім жүгінбеген.
Күдіктінің ісі ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі «Денсаулыққа абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіру» және ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық, яғни, тұрғын үй-жайға кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау» бойынша сотқа тапсырылды.
Сот үкімімен сотталушы аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Евгения ШУЛЬГИНА.