Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адам саудасының алдын алуға арналған шара - АРҚА АЖАРЫ

Адам саудасының алдын алуға арналған шара

Республиканың барлық өңірлерінен келген мемлекеттік еңбек инспекторлары «Қазақстандағы адам саудасы: еңбекті пайдалануға байланысты істерді анықтаудың, тергеудің және соттарда қараудың қиындықтары» тақырыбы бойынша оқытудан өтті.

Арнайы курстарды ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР ІІМ Қарағанды академиясы бірлесіп, АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігінің қатысуымен және қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды.

Мұндай оқыту Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда еліміздің 6 өңірінің мемлекеттік еңбек инспекторлары арнайы дайындықтан өтті. Ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасында оқуды барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік инспекторлары аяқтайды деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өзінің «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауында адам құқықтарын қорғау бойынша жаңа шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Күн тәртібінде мемлекеттік органдардың үйлестірілген іс-қимылын талап ететін адам саудасына қарсы күрес тұр. Президенттің айтуынша, құқық қорғау органдары мұндай қылмыстарды тергеу рәсімін жақсартуы керек. Кінәлілер сот тәртібімен қатаң жазалануы тиіс.

Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс 2003 жылдан бастап ҚР Үкіметінің адам саудасына байланысты қылмыстарға қарсы күрес, оларды болдырмау және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізілуде.

Адам саудасының құрбандары үшін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты 2016 жылы әзірленді және адам саудасының құрбандарын анықтаудың үлкен үлесі бар өңірлерде, атап айтқанда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында «пилоттық» режимде енгізілді.

Сондай-ақ,  Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және басқа да өңірлерде адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2016-2019 жылдар аралығында 600-ден астам адам 288 миллион теңгеден астам сомаға қызмет алды. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 80 адам арнаулы әлеуметтік қызмет алды.

Еңбекмині мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар