Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Құлагер» шығармашылық және ғылыми тұлғалар арасындағы облыстық байқау ШАРТТАРЫ - АРҚА АЖАРЫ

«Құлагер» шығармашылық және ғылыми тұлғалар арасындағы облыстық байқау ШАРТТАРЫ

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №А-11/570 қаулысымен бекітілген

1. «Құлагер» шығармашылық және ғылыми тұлғалар арасындағы облыстық байқау (одан әрі – байқау) (бұдан әрі –байқау) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», 2018 жылғы 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын және «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру аясында патриотизм сезімін, Отанға деген махаббат пен құрметті және мәдениетке, қазақ халқының өткен тарихи мен мұрасына деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында тағайындалады.
Байқау Ақмола облысында тұратын шығармашылық және ғылыми тұлғалар арасында өнер саласында ерекше сіңірген еңбегін ынталандыру және мойындау, аймақтың әдебиеті мен мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан шығармашылық тұлғалар мен ғылыми зиялы қауымға қолдау көрсету, сондай-ақ, олардың жемісті ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі, облыстың мәдени өміріне белсенді қатысқаны үшін, өнердің барлық жанрлары мен бағыттарында жоғары көркем туындыларды жасағаны үшін беріледі.
2. Байқау жылына бір рет 10 номинация бойынша өткізіледі:
1) «Жыл прозасы»;
2) «Жыл поэзиясы»;
3) «Жыл драмасы»;
4) «Үздік айтыскер»;
5) «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған үздік жұмыс»;
6) «Жылдың үздік жас ақыны»;
7) «Әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін»;
8) «Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін»;
9) «Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қалпына келтіруге, сақтауға және дамытуға, сондай-ақ, қазақстандықтардың ұлттық ерекшелігін сақтауға қосқан үлесі үшін»;
10) «Ұлы даланың шығармашылық ұрпағы» – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған үздік жұмыс.
3. Байқаудың қаржыландырылуы облыстық бюджеттің сәйкес қаржылық жылына қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
4. Бір үміткер байқауға қатысу үшін бір номинациядан артық ұсыныла алмайды.
5. Байқау құжаттарын«Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б» мекен-жайы бойынша және uvp@akmo.gov.kz электронды мекен-жайы бойынша қабылданады. Анықтама үшін телефон: +7 (7162) 72-20-06, 72-20-04.
6. Байқауға кандидаттарды ұсынудың тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру, сондай-ақ, жеке номинациялар бо-йынша Комиссияның қарауына ұсынылатын қажетті байқау материалдарының тізбесі Ақмола облысы әкімдігінің, ішкі саясат басқармасының сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында сыйлықты ресми түрде ұсынуға дейін бір айдан кешіктірілмей жарияланады.
7. Авторлық туындыларды ұсыну мерзімі мерзімді баспа басылымдарында Шарттың ресми жарияланған күнінен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады.
8. Конкурсқа «Жыл прозасы», «Жыл поэзиясы», «Жыл драматургиясы», «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған үздік шығарма», «Ұлы даланың жасампаз ұрпағы» – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған үздік туынды» номинациялары бойынша қатысуға Ақмола облысының аумағында тұратын шығармашылық және ғылыми тұлғалардың қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі шығармалары қабылданады.
Байқаулық іріктеуге бір автордан үштен аспайтын шығарма жіберіледі. Әдеп нормалары мен авторлық құқықты бұзатын, нормативтік емес лексикасы бар конкурстық жұмыстарға қатысуға жол берілмейді.
Қолжазба А4 форматында, Times New Roman, 14 шрифтімен, жоларалық интервал 1,5 болуы керек. Қолжазбаның
көлемі:
– проза үшін – кем дегенде 20 бет;
– поэзия үшін – 5 беттен кем емес;
– драмалық шығарма үшін – 30 беттен аспауы керек;
– «Ұлы даланың шығармашылық ұрпағы» тақырыбына шығармалардың келесі жанрлары кіреді:
проза – 20 беттен кем емес;
поэзия – 5 беттен кем емес;
драма – 30 беттен аспайды.
Байқауға қатысуға өтінім «Құлагер» шығармашылық және ғылыми тұлғалар арасындағы облыстық байқау» деген жеке конвертке жапсырылуы қажет. Конвертке жеке келесі құжаттар енгізіледі:
автор көрсетілместен (жасырын болу шарттарын сақтау мақсатында) бір данада шығарылған шығарма (қолжазба);
ішкі конверт, оған автор туралы мәліметтер жазылған парағы – тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, туған жері, мекен-жайы, байланыс телефондары, электронды пош-тасы.
9. «Үздік айтыскер», «Әдебиетті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қалпына келтіруге, сақтауға және дамытуға, сондай-ақ, қазақстандықтардың ұлттық ерекшелігін сақтауға қосқан үлесі үшін» және «Жылдың үздік жас ақыны» номинациялары бойынша байқауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер қызметі қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған тиісті өнер саласының және тұтас қоғамның рухани дамуына ықпал ететін, сондай-ақ, әртүрлі халықаралық, республикалық және аймақтық шығармашылық фестивальдарда, байқауларда, көрмелерде, шолуларда, мүшәйраларда және басқа да іс-шараларда белгілі бір жетістіктерге жеткен үміткерлер ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша ұсынылған үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
ұсыныс;
өмірбаян;
сипаттама;
ізденушінің ерекше еңбегін растайтын шығармашылық және басқа да материалдар (бұқаралық ақпарат құралдарындағы және әдеби (немесе ғылыми) жинақтардағы жарияланымдар, авторлық туындылар немесе олардың көшірмелері, бейне және аудио материалдар, марапаттау наградтық дипломдарының, грамоталарының немесе фотосуреттерінің көшірмелері).
Байқауға қатысатын үміткерлердің кандидатураларын көрсетілген байқаулық құжаттарды жолдаумен ұсынысты жергілікті және орталық мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіптік одақтар, жастар қоғамдық бірлестіктері және қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ұйымдар жасайды.
Байқауға ұсынылған кандидаттар туралы немесе өзі туралы жалған ақпарат берген жағдайда, бұл үміткерлер байқауға қатыса алмайды.
10. Конкурстық құжаттарды талқылау және байқау жеңімпаздары туралы шешім қабылдауды «Құлагер» шығармашылық және ғылыми тұлғалар арасында облыстық байқауын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады. Комиссия құрамы мен ережесі Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Байқау құжаттарын қарау кезінде Комиссия үміткер туралы қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
11. Байқау қорытындысын шығару 15 желтоқсаннан кешіктірілмей жасалады.
Байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жағдайда дипломмен және ақшалай сыйақымен марапатталады.
15. Байқауға қатысуға өтінім жібере отырып, автор:
1) өзінің авторлығын растайды;
2) марапатты ұйымдастырушыларға жұмысты ұйымдастырушының қалауы бойынша жұмысты ұйымдастырушылардың қарауына қарай жинақтар құрамында бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте кеңістігінде жариялауға келісімін және құқығын береді;
3) авторлық гонорарды төлеуді талап етпейді.
6. Ұсынылған қолжазбалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
7. Жұмыстарды ұйымдастырушыға жеткізу, сондай-ақ, марапаттау рәсіміне қатысумен байланысты барлық шығындар қатысушы тарапынан шешіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар