Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлықтың алдын алу бәрінен де маңызды - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлықтың алдын алу бәрінен де маңызды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздерін жетілдіру туралы» семинар болып өтті.

Семинарға төрағалық еткен Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін сақтау және арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
Департамент қызметкерлерінің алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мәлімдеме жасап, барынша азайтуда мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруге баса назар аударылғанын, мемлекеттік қызметшілердің қызметінде парасаттылық, құқықтық мәдениет қағидаттарын қолдану туралы атап көрсетті. Сонымен қатар, М.Төлеубаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндап берді. Түзетулердің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізу болып отыр.
Өңірде «Ақмола – адалдық аланы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді. Оның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Anticor ortalygy» сервистік орталығының алаңында бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау бо-йынша және басқа да тақырыптар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізетіні атап өтілді.
Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі және кешенді түрде жүргізілуде. Қызметтің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашықтыққа, олардың сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың сенім дәрежесі тікелей байланысты.
Жыл басынан бастап алты жүз елу мыңға тарта мемлекеттік қызметтер көрсетілген, оның ішінде 99 пайызы электронды түрде көрсетілгені белгілі. Семинар барысында өзара іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу әдістері жан-жақты талқыланды.

Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер
департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар