Көкшетау қаласындағы іргелі кәсіпорын – «Тыныс» акционерлік қоғамы коронавирус инфекциясымен күресуге қажетті қазіргі заманғы «Көкшетау 4П» өкпені желдету аппаратын шығаруда.
Зауыт басшылығының дерегі бойынша, зауытта қазіргі заманғы «Көкшетау 4П» өкпені желдету аппаратының 800 данасы шығарылды. Өкпені оттегі-ауа қоспасымен жасанды желдетуге арналған аппарат жедел жәрдем көліктерінде, оқиға орнында, хирургия бөлімдерінде, жан сақтау және интенсивті терапияда қолданылып келеді. Республика бойынша облыстарға осындай аппараттың 500-ден астам данасы жөнелтілген.
Облыс бойынша 60 өкпені желдету аппараты жеткізілді, олардың ішінде 17 аппарат денсаулық сақтау басқармасына қайырымдылық көмек ретінде табыс етілген. Зауытқа әлі де медициналық мекемелер мен жеке тұлғалардан тапсырыстар түсіп жатыр.
Кәсіпорында өкпені желдету аппараттары жаңартылып, негізгі жинақтаушы комплектілері әзірленуде. Сондай-ақ, 200 дайын комплектілер бар. Зауытқа әлі де медициналық мекемелер мен жеке тұлғалардан тапсырыстар түсуде.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.