Гаухар Жатаева Атбасар ауданына қарасты Бастау селолық округі аумағында орналасқан отбасылық амбулаториясында біраз жылдардан бері жалпы тәжірибелік медбике қызметін атқарып келеді.
Ауылдағы басы ауырып, балтыры сыздағандар түгел отбасылық ауруханаға келіп, медициналық көмек алып жатады. Күрделі ота жасалатын немесе ем алатын науқастар аудандық ауруханаға жолдамамен жіберіледі, ал, ұсақ-түйек аурулардың бәрі осында дәрігерлік көмек алады. Өз жұмысын жақсы білетін білікті маманға деген жұртшылықтың сенімі мен құрметі жоғары.
Гаухар Жатаева уақытпен санаспай, күн демей, түн демей кез-келген уақытта шақырған науқастарға барып, дәрігерлік көмегін беруге әзір тұрады. Коронавирусқа байланысты жұқпалы дерттің таралу қаупі күшейген тұста да ол үнемі науқастардың ортасында болып, қолдан келген көмегін аямады. Елгезек медбикеге ауылдың үлкені де, кішісі де дән риза.
Суретті түсірген Берік Ескенов.
Суретте: ауыл медбикесі Гаухар Жатаева.