Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалқаулық – жақсылыққа жеткізбейді - АРҚА АЖАРЫ

Жалқаулық – жақсылыққа жеткізбейді

Санамызда «жалқаулық» деген ұғым бұрыннан бар. Тіпті, кейде «жалқаулығым ұстап тұр», «жалқауланып тұрмын» деген сөздерді де жиі естиміз. Сонда жалқаулық деген не?

Біреу үшін жалқаулық таңертең төсектен тұруға ерінумен ғана шектеліп жатса, енді біреулер үшін өмір бойы жалғасып келе жатқан жағымсыз әдет болып қала береді екен.
Осы тақырыпты сөз ете бастасам, кезінде ауылда тұрғанымызда көршіміз болған Гүлзейнеп тәте есіме түсетіні бар. Бала кезімде таңмен таласа көзімді тырнап ашып, терезенің алдына барғанымда, ауыл іші тірлігіне қызу кірісіп жататын. Біреу төбеден малына шөп түсіріп жатса, енді біреуі есігінің алдын қардан аршып жататын. Сол кезде ауылдарға жауған қарды айтсайшы, шіркін! Үйдің биіктігіндей болатын.
Терезенің алдында отырып, ауылды көзбен бір шалып, үйлердің мұржасынан шығып жатқан түтіннен-ақ кімнің үйі ояу, кімдікі әлі қалың ұйқыда жататынын білуге болатын еді. Әй, баламысың деген, түтін шықпаса ол үйдің иелері әлі ұйықтап жатыр деп топшылайтынмын іштей. Мен күнде таңертең ұйқыдан тұрғанда ауылымызда Гүлзейнеп тәтенің үйінің мұржасынан ғана түтін түске таман бір-ақ шығатын. Мен ғана емес, ол кісінің күнде тапа-тал түске дейін ұйықтайтынын ауыл адамдары жақсы білетін. Байғұс балалары мектепке олпы-солпы киінген, шаштары таралмаған күйі келетін. «Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас» деп, атам қазақ айтпақшы, өздерінің тұрмыстарын түзетуге қанша мүмкіндіктері болса да, жағдайлары бір оңған емес. Осындай көріністерден кейін «жалқаулық» менің ұғымымда көп ұйықтаумен байланысады да тұрады.
Гүлзейнеп секілді «алма піс, аузыма түс» деп отыратын жандар бүгінгі қоғамымызда да көптеп саналады. Жарайды, қалаларда түсінікті делік, көпқабатты үйде тұрғасын су тасымай, пеш жақпай, жұмысына ғана барып, келіп жүрген адамдар бос уақытының басым көпшілігін ұйқымен немесе теледидар, телефоннан кино көрумен өткізуі мүмкін. Ал, ауыл қайнаған тірліктің ортасы емес пе? Ауылға бара қалсаң, тепсе темір үзетін ер-азаматтардың бос жүргенін көргенде қарадай ызаң келеді. Сондайлар жалқаулықты өмірлік әдет қылып алған тәрізді.
Қазіргі адамдар ауылда тұрып, мал ұстағылары келмейді. Қора-қора мал ұстау былай тұрсын, ауыл адамдарының көбінің бір-екі сиырды саууға да зауқылары жоқ. Күнделікті ішіп-жейтін май-қаймағын, сүтін айырып отырған болса, мал ұстаудың қандай қиындығы бар?! Мұның әр жағында адамдарды жалқаулық билеп тұрғаны анық. Қалай болғанда да, жалқаулық – жалаңаштықтың жамағайыны екенін, бойкүйездік, еріншектік адамды бай-дәулетті өмірге жетелемейтінін ұмытпауымыз керек. Осыдан барып әлеуметтік жағдайымыз төмен деп мемлекетімізге шағымданамыз.
Қазіргі заманда еш нәрсе өздігінен келмейді. Бір теңге табу үшін де еңбектену керек. Баяғыда анамыз бізді өсіріп-жеткізу үшін бірнеше жерде жұмыс істейтін. Ауылда тұрғанымызда күніне бес сиыр сауатыны есімде. Әкеміз өмірден ерте өткеннен кейін қысқа отын-шөп жинау да анамыздың мойнында еді. Үйдің де, даланың да шаруасын ұршықтай иірген анамның қажыр-қайратына таң қаламын. Әлде, бұрынғының адамдарының көбі еңбекке епті болды ма екен?!
Дана Абай өзінің үшінші қара сөзінде: «Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге  достығы  жоқ жандар  шығады» деп, адамның жалқаулық секілді жағымсыз қасиеттерін орынды сынап тастаған болатын.Енді бір сөзінде Абай «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады» деген еді.
Шынымен де, жалқау адамның ісі ешқашан да өнбейді. Қазақ үш кедейліктің бірі – еріншектік деген. Ендеше, жалқаулық, еріншектік адамға зияннан басқа әшнәрсе әкелмейтінін, абырой әпермейтінін біле жүріңіз.
Гаухар САДЫҚОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар