Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басқа жұқпалы аурулар бойынша жағдай тұрақты - АРҚА АЖАРЫ

Басқа жұқпалы аурулар бойынша жағдай тұрақты

Жалпы, қазіргі уақытта біз «эпидемиологиялық жағдай» деген сөз тіркесін коронавирустық инфекциямен бірге ұштастырып қолданып жүрміз. Соңғы апталарда Осы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп те айта алмаймыз.

Бұл орайда, жұқтырудың ықтималдығы жоғары болып келетін өзге жұқпалы аурулардың мәселесі мүлдем басқа. Мәселен, қызылша індетін алсақ, ағымдағы жылдың ақпан және наурыз айларында бұл дерттен екі адам көз жұмған. Соған қарамастан, Ақмола облысы бойынша осы қауіпті инфекция бойынша жағдай тұрақты күйде.
2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, қызылшамен ауырғандардың саны 4,6 есеге дейін төмендеген. Бұл коронавирус инфекциясымен күресу аясында қабылданған эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесі. Аты жаман індетпен күрес осылайша басқа да жұқпалы ауруларға айтарлықтай әсер етті. 2020 жылдың басынан бастап қызылшаның зертханалық расталған 59 жағдайы тіркелді, 2019 жылы бұл көрсеткіш 277-ні құраған болатын. Бұл ретте, барлық жағдайлардың 72,9 пайызында қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар жұқтырған.
Қызылша ауруының таралу көрсеткіштерін төмендету үшін 2019 жылы медицина қызметкерлерінен бастап, ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғандар, 9 айлық балалар мен 20-29 жас аралығындағы адамдарды жұқпаға қарсы иммундау бойынша үлкен науқан ұйымдастырылып, ол тиісті нәтижесін берді. Облыс аумағында тұратын 67930 ересек адам мен 8734 бала қызылшаға қарсы екпе алды.
Қызылша ауруының және оның асқынуларының алдын алу мақсатында балаларға бір жасында қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина, 6 жасында ревакцинация жоспарлы жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 10 айында қызылшаға қарсы вакцинациямен қамту деңгейі 82,4 пайызды құраған. Белгіленген норматив бойынша ол кемінде 79,2 пайыз болуы тиіс. Ал, мақсатты топтағы егілген балалар саны 96,2 пайызды құрап отыр.
Кез-келген жұқпадан жақындарымызды сақтай білейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар