Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау».
Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтері туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілік сезімін дамыту.
Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйі туралы жедел ақпарат алу тәсілдері туралы әңгімелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша білікті ақыл-кеңестерін береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://bit.ly/akmolenpf бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 441 7637 және event-мәжіліс паролін 1234 енгізіңіз.
Онлайн іс-шараға қатысуға тіркелу сұрақтары бойынша байланыстар:
– Мәкішева Мәлика Жұмабекқызы, ұялы тел: 87077229392, 87711717217;
– Жакина Әлия Жеңісқызы, ұялы тел: 87770342790, 87711717215;
– Қажытаева Динара Мұхтарқызы, ұялы тел: 87711717216, 87753051213.