Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса: «Биыл он бір ауылды сапалы ауыз сумен қамтыдық» - АРҚА АЖАРЫ

Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса: «Биыл он бір ауылды сапалы ауыз сумен қамтыдық»

Аудан шаруашылықтары 274 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар сеуіп, 306 мың тонна астық жинап алды. Аудан бойынша бюджетке 46 миллиард теңгеден астам салық түсті. 2020 жылдың 1 қарашасына дейін бюджеттің кіріс бөлігі 105 пайызға орындалды.
Зеренді өңірі негізінен тау-кен өндірісі және өңдеуші өнеркәсіппен, мал және егін шаруашылықтарымен айналысуға маманданған. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда 119 пайызды құрайды.
Нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша 47 адам қысқа мерзімдік курстардан өтті. 117 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Жеке кәсіп ашуға жалпы көлемі 238 миллион теңгеге 71 шағын несие рәсімделді. Жұмыспен қамту орталықтары 225 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетті.

Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің биылғы жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2021 жылы алға қойылған міндеттер туралы әңгімелеп, журналистер тарапынан өңірді электрқуаты мен жабдықтау, тұрғындарды жұмыспен қамтуға байланысты қойылған сан түрлі сауалдарға жауап берді.

–Ауданның есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мен қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі өсіп келеді. Әлеуметтік нысандар мен ауданның инфрақұрылымын жақсарту бойынша көп жұмыстар атқарылды. Егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Зеренді ауданы облыста алдыңғы орындардан көрінді. 2020 жылы алға қойылған барлық негізгі жоспарлар мен тапсырмалар іс жүзінде орындалды, – деген аудан әкімі бюджеттің орындалуы, экономика және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары мен басқа да салалар жайлы нақтылы тоқталып өтті.
Үстіміздегі жылы аудан бойынша 46 миллиард теңгеден астам салық түскен. 2020 жылдың 1 қарашасына дейін бюджеттің кіріс бөлігі 105 пайызға орындалған. Өңір негізінен тау-кен өндірісі және өңдеуші өнеркәсіппен, мал және егін шаруашылығымен айналысуға маманданған. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 119 пайызды құрады. Ауданның жалпы өндіріс көлемі 144 пайызға немесе 341 миллиард теңгеге ұлғайғандығын атап өткен жөн. Бұған аудандағы «Altyntau Kokshetau», «Айдабол спирт зауыты» акционерлік қоғамдарының, «Milk Projekt» серіктестігінің өндіріс көлемін арттыруы оң ықпалын тигізді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 45 миллиард теңгені құрады. Аудан әкімінің айтуынша, биыл өңірде ірі қара малының 103 және үй құстарының басы 236 пайызға көбейген. Жаңадан екі тауарлы-сүт фермасы құрылып, ет бағытындағы 1218 басқа арналған 8 ферма жұмысын бастаған.
–2020 жылы диқандарымыз 274 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар сеуіп, 306 мың тонна астық жинап алды, гектар берекесі 15 центнертен айналды. Бұдан бөлек, 33,1 мың тонна майлы дақылдар жиналып, гектар берекесі 6,2 центерден болды, – деді өңір басшысы.
Бүгінде ауданда үй кезегінде тұрған тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан орталығында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнап 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 225 миллион теңге қаражат бөлінген. Сонымен бірге, үстіміздегі жылы 5 мың шаршы метр жеке баспана пайдалануға берілді. Ал, Зеренді ауылында бюджеттік сала қызметкерлеріне арнап салынатын тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Ауданда жеке инвестициялар көлемін арттыру мақсатында бірқатар ірі инвестжобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, «Qazaq Diamonds» жеке компаниясы техникалық алмаздардың концентраттарын шығаратын фабрика салмақшы. Жобаны «Құмдыкөл» алмаз кен орнында 2022 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Әкімнің айтуынша, жобаға шамамен 11 миллиард теңге инвестиция құйылады. Жоба қуаттылығы жылына 3 мың тонна концентратты құрайды.
Сонымен қатар, келешекте ауданда екі ірі ауыл шаруашылық жобасын іске асыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Осындағы Бұлақ селолық округінде «Ceramics KZ» серіктестігі кірпіш зауытының құрылысын қолға алмақшы. Жоба құны 850 миллион теңге. Бұл кәсіпорын жылына 22 миллион дана кірпіш шығаратын болады. Өнім өндіру 2021 жылға жоспарлануда. Жалпы, жоғарыда аталған барлық жобаларды іске асыру Зеренді ауданына алдағы 5-6 жылда 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Ал, бұл өз кезегінде өңірдің дамуына серпін берері сөзсіз. Бұлардың барлығы шамамен 1000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
«2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,3 миллиард теңге болатын 49 жоба жүзеге асырылуда. Осының арқасында ауданда 438 адам жұмыспен қамтылған. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Шағалалы орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілген. 7 мектептің терезе блоктары мен жылу жүйелері ауыстырылған. Жаңадан компьютерлер, робототехника кабинеттері мен оқу-әдістемелік құралдар сатып алынған. Жалпы, білім саласына 320 миллион теңге қаржы бөлініпті. Бүгінде 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету 91 пайызды құрайды. Ал, 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылған.
Ал, мәдениет саласында 4 мәдениет нысаны жөнделген. Ауданның жол инфрақұрылымы да жылдан жылға жақсарып келеді. Биыл жол картасы аясында 11 селолық округте ауылішілік және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 652 миллион теңге бөлінген.
–Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 11 ауылда, атап айтсақ Приречный, Павловка, Жаңауыл, Қонысбай, Игілік, Красный Кордон, Бәйтерек, Ортақ, Елікті, Қызылтаң мен Викторовкада жалпы ұзындығы 37 шақырым болатын су тарату желілері ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізілді. Осылайша, ауылдарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 41-ден 45 пайызға көтерілді, – деген аудан басшысы одан әрі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының іске асырылу барысына тоқталып, шағын және орта бизнестің дамуы жайлы сөз алды.
2020 жылдың 1 қарашасына дейінгі жағдай бойынша өңірде 1825 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Есептік мерзім ішінде бизнестен түскен салық мөлшері 1,5 миллиард теңгені құраған. «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» аясында жалпы сомасы 2,1 миллиард теңгенің 22 жобасы қаржыландырылған. Ауданда атаулы әлеуметтік көмекпен 150 отбасы қамтылып, жыл басынан бері 37 отбасына баспаналық көмек көрсетілген.
–Аудандық аурухана инфекционист, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог секілді пандемия кезінде аса қажет мамандармен қамтамасыз етілген. Қажет болған жағдайда штаттан тыс инфекционистіміз және пульмонолог дәрігер онлайн консультация жүргізеді. Шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін жылжымалы медициналық кешеніміз бар. Бүгінде коронавирус инфекциясының кең таралуына жол бермеу басты назарымызда. Пандемия басталған кезеңнен бері аудан бойынша, атап айтсақ Шағалалы және Зеренді ауылдарында 2 провизорлық стационар әзірленіп, оларда 525 науқас емделіп шықты. Олардың 166-сы зеренділіктер, – деген аудан әкімі өңірде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін, тұрғындарға тұмауға қарсы вакцинация жүргізілгенін айтты.
Брифингте сөйлеген сөзінде биылғы жылдың он айында аудан бойынша атқарылған жұмыстарды жан-жақты баяндаған аудан әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, алда өңірлерді дамыту, оның ішінде ауылдардың әлеуетін арттыру міндеті тұрғанын, осы істе аудан басшылығы аянбай қызмет ететінін жеткізді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар