ҚазАқпарат — 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Осы орайда дауыс беру құқығы бар көптеген азамат өзінің сайлау учаскесінің қайда екенін білмей жататыны да бар. Ал оны анықтау жолы өте қарапайым. Еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайттарына арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады. Ал уақытша тұрып жатқан азаматтар 10 желтоқсанға дейінгі жергілікті әкімдіктерге барып, дауыс беру үшін тіркеуден өтуі қажет.
Нұр-Сұлтан
Елорда әкімдігінің ресми сайтында «Өз сайлау учаскеңді тап» деген атаумен арнайы баннер орналастырылған. Аталған баннерге өту арқылы ЖСН немесе аты-жөніңізді жазу арқылы қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді білуге болады. Мұнан бөлек, iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына тәуліктің кез келген уақытында хабарлассаңыз, сайлау учаскеңізді айтып береді. Сонымен қатар Smart Astana мобильді қосымшасы мен smartastana_bot Telegram-бот та жұмыс істеп тұр.
Алматы
Еліміздің оңтүстік астанасы саналатын Алматы қаласының сайлаушылары үшін сайт мен sailau_almaty Telegram-бот әзірленген. OpenAlmaty онлайн-қызметі де сізге өз учаскеңізді табуға көмектесе алады.
Шымкент
Ал Шымкент қаласының тұрғындары дауыс беретін учаскелерін 109 нөмірі бойынша iKomek байланыс орталығы арқылы анықтайды. Мұнан бөлек, қаладағы төрт ауданда Call-орталықтар құрылған.
Абай ауданы 8 (7252) 39-02-00
Әл-Фараби ауданы 8 (7252) 39-02-01
Еңбекші ауданы 8 (7252) 39-01-96
Қаратау ауданы 8 (7252) 77-46-06; 77-56-27
Ақмола облысы
Ақмола облысының әкімдігі жергілікті сайлаушылар өздерінің дауыс беретін учаскелерін анықтайтын арнайы сайт әзірлеген. Сонымен қатар өңірдегі барлық қалалар мен аудан орталықтарында мынадай Call-орталықтар жұмыс істейді:
Көкшетау қаласы 8 (7162) 297805; 297891; 297821; 297865
Степногорск қаласы 8(71645) 68800
Ақкөл ауданы 8 (71638) 20631
Аршалы ауданы 8 (71644) 51010
Астрахан ауданы 8 (71641) 22822
Атбасар ауданы 8 (71643) 24306
Біржан сал 8 (71639) 21241
Бұланды ауданы 8 (71646) 21245 8 (71646) 23618
Бурабай ауданы 8 (71636)45536 8 (71636)45596
Егіндікөл ауданы 8 (71642) 21719
Ерейментау ауданы 8 (71633) 23176
Есіл ауданы 8 (71647) 21041
Жақсы ауданы 8 (71635) 31051
Жарқайың ауданы 8 (71648) 91290 8 (71648) 91347
Зеренді ауданы 8 (71632) 22461
Қорғалжың ауданы 8 (71637) 22018
Сандықтау ауданы 8 (7140) 91739
Целиноград ауданы 109, 8 (71651) 30772; 30773; 8 707 563 0109
Шортанды ауданы 8 (71631) 21421
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында ЖСН теру арқылы сайлау учаскеңізді анықтауға болатын қосымша әзірленген.
Алматы облысы
Жетісу тұрғындары үшін де сайлау учаскесін анықтауға арналған сайт жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек қалалар мен аудан орталығында сайлау науқанына орай дайындалған Call-орталықтарға хабарласуға мүмкіндік бар.
Ақсу ауданы 8 (72832) 22117
Алакөл ауданы 8 (72833) 21507; 21454
Балқаш ауданы 8 (72773) 95421; 91742
Еңбекшіқазақ ауданы 8 (72775) 72371; 72143; 72863
Ескелді ауданы 8 (72836) 30338; 30900
Жамбыл ауданы 8 (72770) 22340; 31249; 22858
Іле ауданы 8 (72752) 20892; 21877; 30584; 70666; 71026; 50598; 48763; 41242; 46394; 77380; 24590
Қарасай ауданы 8 (72771) 29981; 22283
Қаратал ауданы 8 (72834) 21962
Кеген ауданы 8 (72777) 21560
Кербұлақ ауданы 8 (72840) 31670
Көксу ауданы 8 (72838) 20364; 20612; 20068; 20109
Панфилов ауданы 8(72831) 53664; 52230; 47794; 37746
Райымбек ауданы 8 /72779/ 21994
Сарқан ауданы 8 (72839) 22969; 21431
Талғар ауданы 8 (72774) 21284; 8 (727) 2956730
Ұйғыр ауданы 8 (7277) 821739; 822062
Қапшағай қаласы 8 (72772) 40790
Талдықорған қаласы 8 (7282) 247325; 247354
Текелі қаласы 8 (72835) 79114
Атырау облысы
Бұл өңірде де сайлау учаскесін анықтауға арналған сайт жұмыс істейді. Мұнан бөлек, кезекті сайлау науқаны кезеңінде Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері жанынан Call-орталықтар ұйымдастырылған.
Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін орталыққа хабарласу арқылы сайлау учаскесінің мекенжайын анықтап, тізімде бар-жоғыңызды біле аласыз. Telegram әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot бот қызметі де іске қосылған.
Атырау қаласы мен өңірге кіретін аудандардың Call-орталықтарының телефон нөмірлері мынылар:
Атырау 8(7122)320233;205375
Жылыой ауданы 8(71237)51554
Индер ауданы 8(71234)20880
Исатай ауданы 8(71231)20684
Құрманғазы ауданы 8(71233)20920
Қызылқоға ауданы 8(71238)21195
Мақат ауданы 8(71239)32341
Махамбет ауданы 8(71236)21242
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының тұрғындары 109 Call-орталығына қоңырау шалу арқылы өзінің дауыс беретін сайлау учаскесін анықтай алады. Ал облыс орталығы Орал қаласының тұрғындары ұялы телефондарында SmartUralsk мобильді қосымшасы болса, сонда ЖСН теру арқылы анықтау мүмкіндіктері бар. Батыс Қазақстан облысының да барлық аймағында Call-орталықтар жұмыс істейді.
Орал қаласы 8 (71112) 500255
Ақжайық ауданы 8 (71136) 91349
Бөкей ордасы ауданы 8 (71140) 21230; 21190
Бөрлі ауданы 8 (71133) 20352;
Бәйтерек ауданы 8 (71130) 22556; 23490; 22702
Жанғалы ауданы 8 (71141) 21100
Жәнібек ауданы 8 (71135) 21910; 21240
Казталов ауданы 8 (71144) 31679; 31167
Қаратөбе ауданы 8 (71145) 31826
Сырым ауданы 8 (71134) 31163; 21129
Тасқала ауданы 8 (71139) 21382
Теректі ауданы 8 (71132) 21202
Шыңғырлау ауданы 8 (71137) 34199
Жамбыл облысы
Ал Жамбыл облысы әкімінің ресми сайтында өңірдегі сайлау учаскелерінің шекаралары көрсетілген. Өңірдегі Call-орталықтардың нөмірі мынадай:
Тараз қаласы 8 (7262) 434767, 437622
Байзақ ауданы 8 (72637) 22144
Жамбыл ауданы 8(72633) 21206, 21893
Жуалы ауданы 8(72635)20487, 21938
Мерке ауданы 8(72632) 21094
Мойынқұм ауданы 8(72642)21016
Сарысу ауданы 8 (72634) 61215
Талас ауданы 8(72644) 61000, 61841
Т.Рысқұлов ауданы 8(72631)21600
Қордай ауданы 8 (72636) 45257
Шу ауданы8 (72638) 31988; 31016
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының электронды қызмет көрсетулер порталында ЖСН теру арқылы сайлау учаскесін анықтауға болады. Егер ЖСН арқылы дауыс беретін учаскеңіз анықталмаса, онда жоғарыдағы порталда көрсетілген өңір аумағындағы қалалар мен аудандарда ашылған Call-орталық нөмірлеріне хабарласуыңыз қажет.
Қостанай облысы
Қостанай облысы өңір тұрғындары үшін сайт ашып қойған. Қолдану өте қарапайым, тек ЖСН теру арқылы ғана сайлау учаскеңізді тауып алуға болады. Мұнан бөлек Telegram-бот та жұмыс істейді. Сонымен қатар 16 аудан мен 4 қаланың да сайлаушылар тізімін анықтауға арналған Call-орталығы бар.
Алтынсарин ауданы 8 (71445) 34-1-94; 34-2-03
Амангелді ауданы 8 (71440) 21-7-44; 23-0-00
Әулиекөл ауданы 8 (71453) 22-2-37; 22-1-51
Б.Майлин ауданы 8 (71436) 3-62-70; 3-71-00
Денисов ауданы 8 (71434) 2-10-21; 2-19-45
Жангелді ауданы 8 (71439) 2-15-41; 2-14-46
Жітіқара ауданы 8 (71435) 2-55-21; 2-00-06
Қамысты ауданы 8 (71437) 2-16-82; 2-18-42
Қарабалық ауданы 8 (71441) 3-37-70; 3-25-29
Қарасу ауданы 8 (71452) 21-0-04; 21-9-31
Қостанай ауданы 8 (71455) 2-30-39; 2-25-46
Меңдіқара ауданы 8 (71443) 2-41-89; 2-41-92
Наурызым ауданы 8 (71454) 21-5-79; 21-5-35
Сарыкөл ауданы 8 (71451) 22-5-32; 21-0-50
Ұзынкөл ауданы 8 (71444) 21-2-07; 24-2-01
Федоров ауданы 8 (71442) 22-5-28; 21-4-43
Қостанай қаласы 8 (7142) 57-57-68; 57-57-50; 57-57-10 57-57-31; 57-57-66
Арқалық қаласы 8 (71430) 7-01-91; 7-66-06
Лисаковск қаласы 8 (71433) 3-86-82; 3-84-11; 3-44-50 3-38-66
Рудный қаласы 8 (71431); 4-12-77; 4-78-87 4-41
Қызылорда облысы
Сыр өңірі де 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаушылар тізімін анықтауға арналған дербес сайт ашып қойған. Одан ЖСН теру арқылы бірден қай учаскеде тіркелгеніңізді білуге болады.
Маңғыстау облысы
Ал Маңыстау облысында жергілікті әкімдіктер сайлаушылар тізімін анықтауға арналған Call-орталықтар ғана дайындап, оған жауапты адамдардың аты-жөндері мен орналасқан жерлері мен байланыс телефондарын ұсынып отыр.
Бұл өңірдің төмендегі қалалардың тұрғындары мына нөмірлерге хабарласу арқылы сайлау учаскелерін анықтауларына болады:
Ақтау – 8 (7292) 33-65-20;
Жаңаөзен – 8 (72934) 7-96-57, 7-96-58;
Мұнайлы ауданы – 8 (7292) 46-62-34;
Мұнайлы ауданы – 8 (72931) 2-12-86;
Түпқараған ауданы — 8 (72938) 2-26-45;
Бейнеу ауданы – 8 (72932) 2-11-28;
Қарақия ауданы – 8 (72937) 2-21-91.
Павлодар облысы
Аталған өңір тұрғындары облыс әкімдігінің ресми сайтында ЖСН тіркеу арқылы дауыс беретін учаскесін анықтайды.
Солтүстік Қазақстан
Бұл облыста да арнайы әзірленген сайт пен Telegram-бот арқылы өз учаскеңізді анықтай аласыз.
Түркістан облысы
Түркістан облысының тұрғындары 109 Сall- орталығына қоңырау шалу арқылы немесе tur_saylaw_bot Telegram-ботына өзінің ЖСН-ін теру арқылы сайлау учаскесін тексереді.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Электронды қызметтер орталығының порталында тіркелген мекенжайын не болмаса ЖСН-ін көрсету арқылы сайлау учаскесін анықтайды. Өңір тұрғындары сайлау учаскесіне қатысты қателікті тапқан жағдайда өзі тұрғып жатқан аймақтың әкімдігіне хабарласуы керек. Сонымен қатар шығысқазақстандықтар үшін 109 және 1331 Call-орталықтары жұмыс істейді. Мұнан бөлек, қалалар мен аудандарда да сайлаушыларға көмек Call-орталықтары көрсететін бар.
Өскемен қаласы 8(7232)268965; 268986; 266707; 1300
Семей қаласы 8(7222) 566581
Риддер қаласы 8(7232) 42576
Курчатов қаласы 8(72251) 79028
Абай ауданы 8(72252)91653
Аягөз ауданы 8(72237)30369
Алтай ауданы 8(72335) 62440
Бесқарағай ауданы 8(72236)90250
Бородулиха ауданы 8(72251)21001
Глубоковское ауданы 8(72331)22294
Жарма ауданы 8(72347)65189
Зайсан ауданы 8(72340)21567
Қатонқарағай ауданы 8(72341)29197
Күршім ауданы 87233921727
Көкпекті ауданы 8(72348)22357
Тарбағатай ауданы 8(72346)21701
Ұлан ауданы 8(72338)27033
Үржар ауданы 8(72230)34030
Шемонаиха ауданы 8(72332)33534
Айта кетерлігі, бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясы әр сайлаушыны құқықтық сауаттылық танытып, сайлау құқығын пайдалануға шақырған үндеуін жариялаған болатын.
«Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз қажет. 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі», — делінген аталған үндеуде.