Ашық есік күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Алайда, коронавирус індетіне байланысты салымшылармен кездесуді қор филиалдарында күндізгі форматта өткізу мүмкін емес болғандықтан, БЖЗҚ қызметкерлері оны биыл екінші рет виртуалды кеңістікке көшірді. Осылайша кез-келген адам онлайн-платформаның көмегімен үйінен шықпай-ақ, онлайн форматтағы Ашық есік күні шарасына қатыса алды.
Бұл жолы кездесу шеберлік сабағы форматында өтті, өйткені, негізгі қатысушылар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері болды. Ал іс-шара «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау» атты тақырыпқа арналды.
Жастардан құралған мақсатты аудитория кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені, студенттердің басым бөлігі жақын арада БЖЗҚ салымшыларына айналады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да дәл осы кезең аралығында жүргізу қажет. Ең маңызды нәрсе, жас ұрпақтың Қордың жұмысы, ұсынатын қызметтері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы бола отырып, зейнетақы жарналарын өзінің жеке зейнетақы шотына аударудың маңыздылығы туралы мағлұмат алуы болмақ. Өйткені, жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілігі мен өзін-өзі лайықты зейнетақымен қамтамасыз етуге деген талпынысын дамыту аса маңызды іс.
Іс-шараға қатысқан адамдар саны еліміз бойынша жоғары деңгейді көрсетті, қатысушылардың әрқайсысы «Ашық есік күні» шарасын өткізудің электрондық форматына ризашылықтарын білдірді. Өз кезектерінде олар Қор қызметкерлерінің еліміздің зейнетақы жүйесі туралы қойылған сұрақтар бойынша ақпаратты қолжетімді әрі түсінікті етіп ұсына алғандарын атап өтті.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы.