Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пандемия жағдайындағы бизнесті қолдау шаралары - АРҚА АЖАРЫ

Пандемия жағдайындағы бизнесті қолдау шаралары

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Руслан Ахметов пандемия кезінде бизнесті қолдау жөнінде айтып берді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттердің бірі – кәсіпкерлікті қолдау. Жеке кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар жасады. Бұл шаралар төтенше жағдай кезіндегі теріс ықпалды азайтады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруда. Дағдарысқа қарсы шаралар «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жағдайында өзгерту енгізілуде. Бұл кәсіпкерлердің несиесі бойынша ставканы 6 пайызға дейін азайтуға, субсидиялауға жататын несие сомасын 7 миллиард теңгеге дейін көбейтуге, сала бойынша шектеусіз кәсіпкерлер бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.
– «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының аясында биылғы жылдың 11 айында өңірде 1 миллиард 353 миллион теңге субсидия төленді. 299 миллион теңге осы желтоқсан мен алдағы қаңтар айларында төленеді. 14 миллиард теңгенің несиесін субсидиялауға 153 келісім-шарт жасалды. Коронавирус пандемиясы жағдайында шағын және орта бизнес еріксіз тоқтап қалды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі 12 ай ішінде экономиканың жапа шеккен салаларындағы шағын және орта бизнестің барлық несиелері бойынша субсидия ұсыну жөнінде қаулысын бекітті. Биылғы жылдың қарашасында өңірде экономиканың жапа шеккен саласындағы 209 кәсіпкер несие бойынша субсидия алды. Жалпы, 587 кәсіпкер субсидия алды. Кәсіпкерлер үшін соңғы ставка 6 пайызды құрайды. Айырмашылығын мемлекет төлейді. Субсидиялау мерзімі биылғы жылдың 16 наурызынан 2021 жылдың 15 наурызына дейін,–деді өңірлік филиал директоры «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасындағы өзгертулер жөнінде айтып берді. Осыған сәйкес, бағдарламаның бірінші бағыты алынып тасталды. Енді бағдарламаның бірінші бағыты несие мен шағын несиенің кепілдігін және сыйлық ставкасы бөлігін портфельдік субсидиялау түрінде кәсіпкерлерге көмектесуді қарастырады. Инвестициялық мақсатқа берілетін несие сомасы 20 миллион теңгені, айналым қаржысын толтыру 5 миллион теңгені құрайды. Сыйлық ставкасы Ұлттық банктің 8,5 пайыз ставкасы есебінен құрылады. Қарызгер 6 пайызын төлейді. Инвестициялық жобалар 3 жылға дейін, айналымдағы қаржыны толтыруға бағытталған жобалар 2 жылға дейін субсидияланады.
–Портфельдік кепілдендіру және субсидиялау бойынша бірінші жобалар үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Көкшетау қаласында орналасқан «Альфа Банк» филиалымен жүзеге асырыла бастады. Мұнда кәсіпкерлер өз кепілін қоймады. Кепілдік сомасының 85 пайызын «Даму» қоры өз мойнына алды. Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша өңірдің барлық банктері жұмыс істейді. Қыркүйектен бері бұл бағыт бойынша 524 миллион теңгенің 85 шағын несиесі берілді. Кепілдік сомасы 428 миллион теңгені құрады,–деді филиал директоры. Одан әрі Руслан Ахметов аталмыш бағдарламаның екінші бағытындағы өзгерістер жөнінде айтты.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар