«Adal» партиясының депутаттығына үміткерлер аймақтарда халықпен кездесулерін бастады.
Партияның өкілдері барлық облыс орталықтары мен олардан алыс жатқан шалғай аймақтардағы елді мекендерге барып, ондағы тұрғындармен жүздесуде. Партия өкілдері халықтың барлық санатымен, атап айтқанда, еңбек ұжымдарынан бастап, ұстаздар қауымы, дәрігерлер, кәсіпкерлер, зейнеткерлер мен ерекше қажеттіліктері бар адамдармен кездесуде.
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанынан бастап, «Adal» партиясынан депутаттыққа үміткер Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Дәурен Мұқаев, Алмасбек Садырбаев және Ләззат Шыңғысбаева Талдықорған мен Алматы облысының елдімекендерінің сайлаушыларымен пікір алмасып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.