Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақ жол» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

«Ақ жол» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті

Сайлауалды іс-шаралар аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы және депутаттыққа үміткер Азат Перуашев әріптестерімен бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы вагон жөндеу зауытында болды, сондай-ақ, партия өкілдері Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында еңбек ұжымдарымен кездесті.

Кездесу барысында Азат Перуашев жұмысшылармен бизнеске қандай қолдау қажеттігін, жұмыс орындарын сақтау үшін не істеу керектігін сұрады. Сонымен бірге, кездесуде кәсіпорындарды экономикалық аймақтарда 10 жылға дейін салық төлеуден босату туралы идеясы талқыланды. Сондай-ақ, нарықта 5 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан бизнес өкілдеріне инвестицияларының 50 пайызын қайтарып беру мәселесі көтерілді.
Өткен сенбі күні «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында облыс орталығындағы бірқатар еңбек ұжымдарында кездесулер өткізді. Атап айтсақ, партиялықтар «Алиса+», «Алуастрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде және «Favorit Motors» автосалонында болып, жұмысшыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Меруерт Қазбекова, Еркін Құттыбаев, Ерлан Өмірғали, Сұлтанхан Аққұлұлы мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сөз сөйледі. Кездесулер кезінде «Ақ жол» партиясы облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Борис Мельников бірге болды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар