Ақмола облысында «ADAL» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне кандидаттар тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді.
Депутаттыққа кандидаттар Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмырзаева Атбасар қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында партия өкілдері партияның жалпы идеологиясы мен құндылықтары туралы айтып, сайлаушылардың түрлі сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, үміткерлер Есіл қаласының тұрғындарымен кездесіп, әңгімелесті.
Партияның өкілдері барлық облыс орталықтары мен олардан алыс жатқан шалғай аймақтардағы елді мекендерге барып, ондағы тұрғындармен жүздесуде, атап айтқанда, халықтың барлық санатымен кездесулер өткізуде.
АСК ақпараты бойынша.