Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ауыл» партиясының «Ауылдан ауылға» акциясы басталды - АРҚА АЖАРЫ

«Ауыл» партиясының «Ауылдан ауылға» акциясы басталды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Ауылдан ауылға» акциясы аясында партияның Көкшетау қалалық филиалының өкілдері облыс орталығындағы «Агро Строй» кәсіпорнының ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» патриоттық халықтық-демократиялық партиясының республикалық қоғамдық штабының ашылуы болып өтті.
«Ауыл» патриоттық халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев сөз сөйлеп, үгіт-насихат науқанының негізгі басымдықтары туралы айтып берді. «Ауыл» партиясының партиялық тізіміне 625 үміткер депутаттыққа кірді. Үгіт-насихат науқанына 17 аймақтың штабтары кірісіп кетті, олардың 14-і облыс орталықтарында, қалған 3-еуі республикалық маңызы бар қалаларда. Бұдан бөлек, әрбір аудан орталықтарында да аумақтық штабтар ашылды.
Үгіт-насихат науқаны аясында сайлаушылармен кездесулер, аймақтарда акциялар, пікірсайыстар, флешмобтар түрінде ұйымдастырылуда. Соның ішінде кейбір шаралар онлайн режимде өтеді. Депутаттыққа үміткерлер түрлі деңгейде «Ауылдан ауылға» акциясын ұйымдастырып отыр.
Көкшетаудағы «Ауылдан ауылға» акциясының барысында жеке кәсіпкер, «Ауыл» партиясы атынан Біржан сал аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Сергей Швецов сөз алып, өзі басқарып отырған «Агро Строй» кәсіпорнының ауылмен тығыз байланыста жұмыс істейтінін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жабдықтарды шығарумен айналысатынын айтты.
Өз кезегінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Көкшетау қалалық филиалының төрағасы Асылхан Шәріпов ауылдық жерлерде қордаланып қалған біраз проблемалар барын, бүгінгі таңда ауылдықтарды сапалы ауыз су, жол мәселелері толғандыратынын айтып, «Ауыл» партиясы соларды шешуді мақсат етіп отырғанын жеткізді.
Ауылдардың жағдайын жақсартуға бағытталған мақсат-міндеттері партияның сайлауалды бағдарламасында баса атап көрсетілген. Мәселен, ол ауылдарды сапалы жолмен, орталықтандырылған ауыз сумен, газбен және интернетпен қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты жою. Сонымен қатар, отбасы және ана рөлін арттыру мақсатында партия үш баласы бар аналарға «Көп балалы ана» мәртебесі берілгенін, көп балалы аналардың зейнет жасы 53-ке дейін төмендетіліп, базалық зейнетақы тағайындалғанын, елімізде «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң қабылданғанын қалайды. Елді мекендер мен өңірлердің атауларын қазақшалау, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жерді сатуға және жалға беруге тыйым салу секілді міндеттер партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан.
–Өздеріңізге белгілі, Қазақстан халқының 45 проценті ауылдық жерлерде тұрады. Бүгінде мемлекетімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуші де осы ауыл. Сол себепті, ауыл тұрғындары осы еңбектеріне сай өмір сүрулері керек. Бәріміз де ауылдан шықтық, ауылды көтеру үшін әрқайсымыз үлес қосуымыз керек, – деген Асылхан Шәріпов облысымыздың Жарқайың ауданында болған жағдайды мысалға ала отырып, диқандар жинаған астықтарын лайықты бағаға сата алмайтынын, делдалдар олардан анағұрлым көп ақша табатынын айтты.
Кездесуге қатысушылар партияның қалалық филиалының өкілдеріне партияның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына түсудегі мақсаты жайлы сауалдарын қойып, жауаптар алды.
Өңірде «Ауылдан ауылға» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының акциясы басталды.
Акция аясында Көкшетау қаласы бойынша «Ауыл» партиясының төрағасы Асылхан Шәріпов пен Біржан сал ауданындағы партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сергей Швецов «Агро Строй» ЖК ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында партия өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қатысушыларға түсіндірді, сондай-ақ, қойылған сауалдарға жауап берді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар