Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанның халық партиясының мүшелері флешмоб өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанның халық партиясының мүшелері флешмоб өткізді

Партия нышанындағы еш өзгермес қызыл түс сауда орталығына келген тұтынушылардың назарын аудармай қоймады. Шырқалған әуен, ұйымдастырушылардың қолындағы шарлар мерекелік көңіл сыйлағандай болды.

Жиналғандар Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткерлермен танысып, әрқайсысы Қазақстан халық партиясының сайлауалды бағдарламалары бар ақпараттық бюллетеньдерді алды. Ондағы басты тезистеріне мән берсек, «Халық, жер, әділеттік»  деп жазылған.Жиналғандар Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткерлермен танысып, әрқайсысы Қазақстан халық партиясының сайлауалды бағдарламалары бар ақпараттық бюллетеньдерді алды. Ондағы басты тезистеріне мән берсек, «Халық, жер, әділеттік»  деп жазылған.–Қазақстан халық партиясы бағдарламасының барлық бөлімдері  толықтай ойластырылған іс-шаралар, яғни, қарапайым адамға қажеттіліктердің барлығы қамтылған әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған. Біздің көздеп отырған мақсатымыз – әрбір азаматтың қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау. Сонымен бірге, ешқандай да қайта құрулар мен өзгерістер біздің көпұлтты мемлекетімізде қанатын жайған бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығымен  қатар тұра алмайды.  Бірлік – біздің іргетасымыз, содан кейін барып басқалары қалыптасады, – деп атап өтті партиялықтар. Кандидаттарды қолдауға арналған іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.  Сонымен бірге, Қазақстанның халық партиясы Ақмола облыстық комитетінің жастар қанатының белсенділері Көкшетау қаласында «Қолдан қолға» акциясын өткізді. Партия өкілдері қоғамдық орындарда парақшалар жапсырып, Қазақстан халық партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша материалдарды қала тұрғындарына таратты. Қала тұрғындары өз кезегінде партиялықтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қазақстан халық партиясының осындай бір іс-шарасы Ақмола облыстық филиалы Көкшетау қаласындағы «Small» сауда орталығында да болып өтті. Жергілікті әртістер мен партия белсенділерінің қатысуымен ұйымдастырылған флешмобқа Ақмола облыстық Қазақстан халық партиясы комитетінің бірінші хатшысы Жеңіс Кәрімов, қалалық мәслихатқа кандидаттар Мереке Жүсіпов, Айя Калягина және Нұржан Смағұлов қатысты.Іс-шара барысында партия өкілдері қала тұрғындарына Қазақстан халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі тезистері туралы айтып берді.–Қазақстан халық партиясы Парламентке қарапайым адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісін жалғастыру үшін барады. Біріншіден, білім мен медицинаның қолжетімділігі мен сапасы ескеріліп отыр. Білім алу қолжетімді болуы тиіс. Ол үшін тегін білім алуға көшу керек. Екіншіден, халықтың баспана мәселесін шешуге екпін қойылады. Біз қазақстандықтар үшін жер телімі мәселесін түбегейлі шешеміз. Әр отбасы баспана және үй шаруашылығы нысанын салу үшін 20 сотық жер алады. Мемлекет бұл учаскелерге қажетті инфрақұрылымды тартады, – деді партиялықтар.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар