Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жылдық бір кеш үшін жасыл шыршаны кеспейікші! - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жылдық бір кеш үшін жасыл шыршаны кеспейікші!

Бір ағашты отырғызып, өсіру үшін кем дегенде жиырма жылдай уақыт қажет болады. Ал қазіргі заманғы техникамен сонша бейнетпен өсірген ағашты бірнеше минутта кесіп, отап тастауға болады. Осы орайда, орманшының міндетіне тек көшет отырғызып, оны өсіру, орманды тазарту, қураған ағаштарды кесіп, санитарлық күтім жасау ғана емес, жасыл желекті оңай олжа тапқысы келетін заңсыз ағаш кесушілерден қорғау да кіреді.

Орманның пайдасы туралы аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Мәселен, бір түп үлкен шырша бір жылда бір тоннадан астам шаң-тозаңды жұтып, қоршаған ортаны тазартады екен. Оған қоса, 1,5 мың литр оттегін бөліп, ауаны оттегімен байытуға да мол үлесін қосады. Міне, сондай жерімізге көрік беріп, ауамызды тазартып жатқан шыршаны жаңа жыл қарсаңында заңсыз ағаш кесушілерден қорғау қазіргі күні орманшылар үшін аса маңызды міндет болып саналады. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің №27-5-6/220 бұйрығына сай, жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау жөніндегі жедел шаралар ұйымдастырылады. Ағашты заңсыз кескен адамдарға 15 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Міне, жаңа жыл мерекесі де жақындап қалды. Осыған орай, жұртшылықтың есіне саларымыз: жерімізге көрік беріп, ауамызды тазартып жатқан табиғи байлығымыз – жасыл желекті кесу заң бұзушылық болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке ұшыратады. Жасыл желегімізді қорғайық.

Ғалымбек Батталов,
«Бұқпа» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар