Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының төртінші томы таныстырылды. Төртінші жинақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан облысының мәдени және тарихи мұрасы қамтылған.
– Бүгін «Қасиетті Қазақстан» еңбегінің төртінші томы жарық көрді. Энциклопедия аясында мен Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істедім. Біз бұл жұмысқа Шығыс Қазақстанның археологиялық, тарихи, мәдени ескерткіштері мен географиялық ландшафтарын енгіздік. Жалпы алғанда, аймақта орналасқан 70-тен астам әртүрлі тарихи ескерткіштер қамтылды. Мысалы, олардың арасында «Аблайкит» буддалық монастыры бар. Түркі қағанатының заманынан бергі «Елеке сазы» ғибадатхана кешені, Семейтау, Көкентау тау сілемдері және түрлі кезеңдерді қамтитын басқа да ескерткіштер бар, – дейді ғалым Назарбаев Университетінің оқытушысы Айдын Жүнісханов.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.