«Ақ жол» партиясының өкілдері Шымкент қаласында болды.
Сапар барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев автошерудің басталуына қатысты, оның аясында партия белсенділері Шымкент әуежайынан «Қасірет» мемориалына дейін барды. Парламент Мәжілісіне партия кандидаттары қуғын-сүргін құрбандарының «Қасірет» мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Осы іс-шаралардан кейін топ «SCAT» авиакомпаниясының ұжымымен кездесті. Мұнда партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, компания қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Өз материалдарынан.