Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас өнертапқыштың жеңісі - АРҚА АЖАРЫ

Жас өнертапқыштың жеңісі

Көкшетаулық төртінші сынып оқушысы әкесі екеуі «Голдберг машинасын» құрастырып шығарды. Біртіндеп қозғалып келген құрылғы ең соңында антисептик құтысының мөлшерлегішін басады. Өнертапқыш осы жобасымен бірінші орын алып, 150 мың теңгеге ие болды.

Көкшетау қаласындағы физико-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Голдберг машинасы» «домино қағидасы» бойынша әр бөлшегі бір-бірімен әрекеттесе отырып, жұмыс істейді. Мұны көбіне инженерлер мен әуесқойлар ермек етеді, сондай-ақ, балалар фильмі мен комедияда кездеседі.
Байқауға қатысу үшін Ескендіровтердің отбасына «Қолды дизенфекциялау – денсаулық кепілі» тақырыбы ұсынылған. Сол себепті, олар ең соңында антисептик құтысының мөлшерлегішін басатын машина құрастыру тиіс болатын.
– Біздің команда «ГРиМ» деп аталды. Шарды жібергенде, домалаған қатты дауысы шығып, артынша найзағайдың дүрсілі естіледі. Жобаны дайындауға біраз уақыт кетті. Соған орай, әкеміз екеуіміздің еңбегіміз ақталды, – дейді жас өнертапқыш.
Мектеп директоры Зульфия Оразбекова әкелі-балалы жеңімпаздарға 150 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Алидар өте талантты, белсенді оқушы. Ол 5 жастан робототехника үйірмесіне қатысып келеді және келешекте инженер-өнертапқыш болуды армандайды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар