Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іргелі ел болудың нақты бағыт-бағдары - АРҚА АЖАРЫ

Іргелі ел болудың нақты бағыт-бағдары

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» атты мақаласы жарық көрді. Мемлекет басшысының кезекті мақаласы өте тартымды, әрі орынды жазылып, көңілімізден шығып отыр.

Биыл Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Бұл тәуелсіздік бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған баға жетпес асыл қазынасы. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегені де шындық. Еркіндік алып, азаттыққа жету үшін талай боздақтарымыз жандарын қиып, мерт болды. Халқымыз талай қиындықтар мен кедергілерді де бастан кешірді. Енді, міне, сол армандаған ойларымыз бен алға қойған мақсаттарымыз орындалып отыр.

Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізіп, бақытты да баянды ғұмыр кешуде.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің тағылымды мақаласында, әсіресе, ел жастарын өз Отанын қастерлеп, еліне, халқының болашағына адал қызмет етуге шақырып отыр. Президентіміз тәуелсіздікке жету белестеріне тоқтай келе, отандастарына «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген нақты сауалдар қойып отыр. Мемлекет басшысы бұл ретте, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралай отырып, айтайын деген ойын үш кезеңге бөліп қарастырады.

Қасым-Жомарт Кемелұлының тәуелсіздік туралы бұлай саралап талдауын, оған ерекше мән беруін дұрыс деп ойлаймын.

Расында да еркіндікке, болашаққа тың қадам басқан тәуелсіз Қазақ елі үшін егемендік, жаңа мемлекеттің іргетасын құру, оның нышандарын белгіліп, билік жүйесін қалыптастыру оңай болған жоқ. Дегенмен, Қазақ елі ұлы көштің бағытын дұрыс таңдап, өзінің мемлекеттілігін барынша нығайтып, мақсатты жолға түсе білді. Егемендік жолында маңызды да мақсатты ірі-ірі бағдарламалар қабылданып, оны жүйелі түрде іске асыра білді. Сөйтіп, бүгінде мемлекетіміз озық дамыған елдердің қатарынан көрініп, болашаққа тың серпінмен қадам баса бастады.

Тәуелсіз мемлекет құруда, әрине, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың орны ерекше. Ұлт Көшбасшысының сарабдал да көреген саясаты мен іскерлігі және қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағының арқасында қазақ елі мықты мемлекет қалыптастырып, бүгінде іргелі елге айналып отыр.

Өткен жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, еңсесі көтерілді. Басқа елдермен тереземіз теңесіп, экономикасы дамыған қуатты елге айналдық.

Бүгінгі мақаласында Мемлекет басшысы басты мақсаттың бірі – қуатты елдің иесі және кемел халық болу деген ой түйіндейді. Осы жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруды көздейді.

Еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл туралы да айта келіп, Қазақстанның мемлекеттік тілі  қазақ тілі екенін нақты жеткізіп, мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Осы орайда, Президентіміздің барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу тастағаны да орынды.

Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мықты, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Осындай азаматтарға қамқор болу – мемлекеттің басты міндеті болмақ.

Ендігі кезекте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Барша отандастарыма, әсіресе, жастарға айтарым: кең байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жоспарларыңды емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар! Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін. Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін! – деген сөзі декөңілге өте қонымды.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы біздің баршамызға Тәуелсіздік және одан алар тағылым, осы жолда атқарар жаңа істер хақында үлкен ой салатын бағыт-бағдар көкжиегі десек ешбір артық емес.

 

Айдар ҚОЖАБАЕВ,

Ш. Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік университетінің

баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар