Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлі де сақтық керек! - АРҚА АЖАРЫ

Әлі де сақтық керек!

Коронавирус жұқпасының таралу жағдайы дүниежүзі бойынша әлі де тұрақсыз. Әлемнің 220 мемлекетінде КВИ-дің 84 миллион оқиғасы тіркеліп, 1 миллион 840 мың адам қайтыс болыпты. Біздің елде бүгінгі күні 159044 науқас тіркелсе, оның 146 мыңға жуығы емделіп шықты.

– Біздің мемлекет коронавирус індетінің таралу қауіптілігі бойынша дүниежүзілік тізімде төменгі, «жасыл» аймақта тұр. Күні кеше ғана «қызыл» аймақта тұрған Атырау облысы да теріскейдегі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының қатарына қосылып, қазір «сары» аймақ деңгейінде тұр.
Күнделікті мониторингтерге сәйкес облыстардағы жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың жүктемесі 18608, бұл жалпы дайындалған орындардың 27 пайызын құрайды. Ал, инфекциялық стационарлардың реанимациялық бөлімдердегі әзірленген 1716 кереуеттердің 320-сында, яғни, 20 пайызында науқастар ем қабылдауда. Бұл өткен аймен салыстырғанда, көрсеткіш 1,3 есеге артқандығын көрсетуде.

Күн сайын елімізде жаңа туған сәбилер мен балалар арасындағы коронавирус жұқпасының орын алуына да мониторинг жүргізіліп тұрады. Өткен жылдың сәуір айынан бастап, биылғы жылдың 2 қаңтары аралығында 7492 балада лабораториялық жолмен індет анықталыпты, олардың 134-і жаңа туған сәбилер екен. 6550 бала індеттен толық сауығып шықты. Қазіргі уақытта 900-ден астам бала дәрігерлер қарауында, олардың 542-сінде індет симптомсыз түрде өтіп жатыр. Біздің облыста 1 және 14 жас аралығындағы балалар арасында 200-ден астам оқиға тіркелді. Олардың басым бөлігі қашықтықтан білім алушылар.
Қазіргі уақытта облыста індет басталғалы 7539 оқиға тіркелсе, 6663 науқас емделіп шықты. Өткен тәулікте облыста коронавирустың тағы 58 оқиғасы лабораториялық жолмен расталды.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар