Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Nur Otan» барлығына лайықты өмір сыйлайды! - АРҚА АЖАРЫ

«Nur Otan» барлығына лайықты өмір сыйлайды!

«Көкшетау су арнасы» кәсіпорнында «Nur Otan» партиясынан Көкшетау қалалық және Ақмола облыстық мәслихаттарына үміткерлер жиналғандарды өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

Кездесуде сөз алған «Jas Otan» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев пен «Асыл Арман» ЖШС-ның бас директорының орынбасары Омар Шоназаров жастардың проблемаларына және оларды «Nur Otan» партиясының көмегімен шешуге назар аударды.
Осы өзекті мәселелердің біріншісі жастарды баспанамен қамтамасыз ету болды. Сайлауалды бағдарламада партия жастарға қолжетімді баспана жасауды ұсынады. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету де маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта Ақмола облысында студенттер жатақханасына деген қажеттілік 2700 орынды құрайды. Мәселені шешу аясында облыстың алты білім беру мекемесінде жатақханалардың құрылысы жүргізілуде. Екінші мәселе – жастарды жұмыспен қамту. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік бағдарламалардың бірі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 6500 жастарды жұмыспен қамту жоспарланған.
Үшіншісі – жастардың инфрақұрылымын құру. Дәл осы «Jas Otan»-ның бастамасымен коворкинг орталықтарының құрылысы 2015 жылы бүкіл Қазақстан бойынша басталды. Ақмола облысында мұндай орталықтар қазір барлық жерде бар.
«Гормолзавод» ЖШС-ның директоры Әсен Жақсылықов пен «КАИК» ЖШС бас директорының орынбасары Талғат Жүнісов білім беру проблемаларына тоқталды. Бірінші спикер бұл саланы партия арқылы ұзақ уақыт қадағалап келсе, екіншісі 30 жылдан астам уақытын осы білім саласына арнап келеді. Бүгінгі таңда үш ауысымда оқыту мәселесі шешілуде. Осылайша Көкшетауда үш ауысымда жұмыс істейтін білім беру мекемелеріне арналған кеңейтімдердің құрылысы аяқталуға жақын. «Той Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская партия тарапынан балалар үйіне, мүгедектерге, зейнеткерлерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы егжей-тегжейлі айтты.
Қаражаты Nur Otan партиясы
Ақмола облыстық сайлау қорынан төленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар