Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жағдай тұрақты екен деп босаңсуға болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Жағдай тұрақты екен деп босаңсуға болмайды

Ақмола облысында коронавирус індетінің таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жаңа жыл басталғалы лабораториялық жолмен расталған 411 оқиға тіркелді. Оның 302-симптомды, 109-ы симптомсыз науқастар.

Ағымдағы жылғы 7 қаңтар күнгі мәліметтерге сүйенсек, облыста індет белең ала басталғалы бас-аяғы 7658 оқиға тіркелген, олардың 7007-сі ересектер болса, қалған 651 науқас 1 және 14 жас аралығындағы балалар. Өкінішке орай, көктемнен бері қарай 96 науқастың жағдайы қайғылы аяқталғаны белгілі.
3345 науқастың коронавирус жұқпасына шалдыққаны өз еріктерімен учаскелерінде тексерілу кезінде анықталса, 2799-ы дертке шалдыққандармен қарым-қатынаста болғандар және 1514 адамда індет профилактикалық скрининг кезінде айқындалды. Қазіргі уақытта 403 адам стационарлық ем қабылдап жатса, 333 адам амбулаторлық бақылауда.
СOVID-19 оқиғасы бойынша облыстағы репродуктивті көрсеткіш 0,99-ды құрайды. Жоғарыда аталған 411 науқастың 239-ы өз еркімен медициналық тексеріске келгендер, қалғандары контактіде болғандар және скрининг кезінде анықталғандар. Соңғы аптадағы көрсеткіштер алдыңғы аптамен салыстырғанда 0,8 пайызға артқан. Бір тәулікте 59 оқиға тіркелген.
Өңірлерге жекелей тоқталсақ, ең көп оқиға Көкшетауда тіркеліп, онда 21 адам індет жұқтырса, одан кейін Степногорск қаласы (-12), Зеренді ауданы (-10), Бұланды (-8). Басқа аудандарда індеттің анықталу жағы 5 оқиғадан кем.
Әлем елдерінде коронавирус індеті бәсеңдемей тұрғаны белгілі. Қазақстанның басқа облыстарында да коронавирус бойынша жағдай біркелкі емес. Сондықтан, эпидемиолог мамандар әркім өзіне және жақын адамдарына жанашырлық танытып, әлі де сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына мән беріп, зейнет жасындағы адамдардың қоғамдық орындарға көп бармауын еске салады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар