Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1005 байқаушы тіркелген - АРҚА АЖАРЫ

1005 байқаушы тіркелген

Бүгін, яғни 10 қаңтар күні елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтіп жатқаны белгілі. Облысымызда аталған саяи науқанға байқаушылардың қалай қатысып жатқаны туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының байқаушылары штабының жетекшісі Ерлан Зәкіриянов айтып берді.

Мемлекетімізде депутаттық сайлау алғаш рет жаңа форматта өтуде. Біріншіден, алғаш рет он алты жылда бұл мерзімінен бұрын өтіп жатқан емес, кезекті сайлау. Сайлауға дайындық былтыр басталған болатын. Әсіресе, бұл саяси науқанда азаматтық қоғам атынан қатысатын тәуелсіз байқаушылардың рөліне ерекше мән беріледі. Облысымыз бойынша барлығы 9 мыңнан астам байқаушы бар. Олар түрлі сала мамандары, қоғам белсенділері, кәсіподақ, партия, бизнес өкілдері мен жастар. Мәселен, 200 байқаушы биылғы сайлау науқанына кәсіподақтар ұйымдарының, 697 адам азаматтық альянс және 4 мыңнан астам байқаушы саяси партиялардың атынан қатысуда.

Брифингте сөйлеген сөзінде Ақмола облысының байқаушылары штабының жетекшісі Ерлан Зәкіриянов барша ақмолалықтарды елімізде өтіп жатқан маңызды оқиғамен құттықтап, сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.

–Бүгінгі таңда облыста 722 сайлау учаскесі бар. Оның 697-сі ашық учаскелер. Сағат 10:00-ге дейінгі жағдай бойынша облысымыздың азаматтық альянсынан және кәсіподақтардан 1005 байқаушы тіркеліп, жергілікті сайлау учаскелерінде жұмыстарын атқаруда. Бұдан бөлек, сайлауға қатысып жатқан бес партияның атынан 1723 өкіл байқаушы ретінде тіркелді. Қазіргі уақытқа дейін 52980 адам дауыс берді, – деген Ерлан Жәкімұлы жалпы облыс аумағында сайлау жақсы деңгейде өтіп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ, брифингте «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақмола филиалының төрайымы Ирина Терентьева сөз сөйлеп, азаматтық альянс әр ауданмен байланысып, сайлау барысы туралы ақпарат алып жатқанын, «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» заңына қарама-қайшы әрекеттер тіркелген жағдайда олар республиканың партиялық емес байқаушылар штабына хабарланатынын айтты. Және де филиал төрайымы азаматтық альянстың сайлау науқанына байқаушы ретінде қатысуы және сайлау барысы туралы ақпарат беруі өздеріне артылған зор сенім мен мәртебе екенін жеткізді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар