Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
86 жастағы, Қайырбек Әміржанов: «Елім үшін дауыс бердім» - АРҚА АЖАРЫ

86 жастағы, Қайырбек Әміржанов: «Елім үшін дауыс бердім»

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы кезінде облыс бойынша 722 сайлау учаскесі жұмыс істесе, солардың бірі Көкшетау қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернатында орналасқан №32 сайлау учаскесі.

Өңіріміздегі барлық сайлау учаскелеріндегідей, мұнда да сайлау күні санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды. Дауыс беруге келген азаматтардың алдымен, дене қызулары өлшеніп, одан кейін қолдары арнайы дезинфекциялық құралмен залалсыздандырылып отырды. Сайлау комиссиясының мүшелері өз жұмыстарын арнайы қорғаныс костюмдерінде атқарды. Пандемия жағдайына қарамастан, сайлау жоғары деңгейде, асқан ұйымшылдықпен өтті деуге болады.
Біз болған №32 сайлау учаскесінде сайлаушылардың көтеріңкі көңіл-күймен дауыс беріп, елдің ертеңі үшін сеніммен таңдау жасап жатқандарын байқадық. Аталған учаскеге таңмен келіп, бірінші дауыс берген облыс орталығының 86 жастағы тұрғыны Қайырбек Әміржанов болды. Ақсақал осы саяси науқаннан зор үміт күтетінін айтып, еліміздің гүлдене беруін тіледі. Ал, сайлау комиссиясының мүшелері қарияға және де сайлауға алғаш рет қатысқан тағы бірнеше жасқа естелік сыйлық табыс етті. Айта кетейік, аталған сайлау учаскесінде 18 жасқа толған 5 азамат алғаш рет дауыс берді.
Сайлау комиссиясының төрайымы Айжан Кәрімованың айтуынша, 10 қаңтар күні сағат 17:00-ге дейін осы учаскеде тіркелген 2739 сайлаушының 726-сы дауыс беріп үлгерген. Одан кейін де сайлау учаскесіне өз таңдауларын жасау үшін тұрғындар ағылып жатты. «Қазақсан Республикасындағы Сайлау туралы» заң ережелерінің сақталуын 5 байқаушы мен 1 сенімді уәкіл бақылап отырды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар