Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесіне ерекше мән беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жаңғырту жолдарын белгіледі.
Бұл құжатта Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жүйелі жүріп жатқанын және жемқорлықтың болу себептерін анықтауға көп көңіл бөлініп жатқанын айтты. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі жұмысы азаматтарды және қоғамды жұмылдыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен күресуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себеп-салдарларын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департамент жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасап, мониторинг жүргізіп келеді. Өткен жылы өңіріміздегі он ұйымға сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді. Нормативтік-құқықтық актілер мен ұйымның ұйымдастыру-басқару жұмыстары бойынша 30 ұсыныс енгізілді. Бұдан бөлек, өткен жылы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бо-йынша 12 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, біздің департамент 13 сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторинг жүргізді. Бұл құжатта Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жүйелі жүріп жатқанын және жемқорлықтың болу себептерін анықтауға көп көңіл бөлініп жатқанын айтты. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі жұмысы азаматтарды және қоғамды жұмылдыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен күресуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себеп-салдарларын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департамент жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасап, мониторинг жүргізіп келеді. Өткен жылы өңіріміздегі он ұйымға сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді. Нормативтік-құқықтық актілер мен ұйымның ұйымдастыру-басқару жұмыстары бойынша 30 ұсыныс енгізілді. Бұдан бөлек, өткен жылы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бо-йынша 12 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, біздің департамент 13 сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторинг жүргізді. Бүгінгі таңда Ақмола облысында мемлекеттік қызметтің 367 түрі көрсетіледі. Оның 90 проценттен астамын «Электронды үкімет» порталы арқылы алуға болады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жағынан Ақмола облысы бірінші орынға ие болды. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мақсатында білім саласында «Балаларды мектепке қабылдауды автоматтандыру» және «Балалар мектепке дейінгі ұйымына жолдама беруді автоматтандыру» мемлекеттік қызметтері іске қосылды. Және де тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы «Е-КСК» мобильдік қосымшасы іске қосылғанын айта кету қажет.Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен департамент «Сервистік әкімдік» жобасын ойдағыдай іске асыруда. Жоба мемлекеттік қызмет алуға келген азаматтарды кедергісіз және жедел қабылдап, оларға қажетті кеңес беруді көздейді. Бүгінгі күні «Сервистік әкімдік» облыстың 17 ауданы мен 2 қаласында, сондай-ақ, облыс орталығына іргелес Краснояр селосында жұмыс істеп тұр. Өңірдің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында Open space және фронт-офис форматында жұмыс істейтін 72 кабинет ашылды. Атап айтсақ, мұндай форматқа туризм басқармасы, волонтерлік орталық, сот жүйесі, құқық қорғау органдары көшті. Өткен жылдың қараша, желтоқсан айларында қорғаныс істері департаментінде сервис орталығы, қылмыстық атқару жүйесі департаментінде фронт-кеңсе ашылды. Олардың жұмысы ашықтық пен айқындық қағидаттарына негізделген. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 700-ден астам басшыларының жұмыс кабинеттері бірінші қабатқа көшірілді. Барлық қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде азаматтарды қабылдау үшін әйнек қабырғалы кабинеттер жабдықталды. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтік бөлмелерін ұтымды пайдалану мақсатында мемлекеттік орган, мекеме басшыларының, мектеп директорларының демалыс бөлмелері өзге де маңызды мақсаттарға пайдалануға берілді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға заң аясында көмек көрсету мақсатында өткен жылдан бастап «Адал көмек» жобасы іске асырылуда. Осы жоба шеңберінде департамент әлеуметтік желілерде 1400-ге жуық онлайн кеңес берді. Облыстың аудандары мен қалаларының «Сервистік әкімдік» алаңдарында тікелей эфирлер ұйымдастырылып, аудан, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары баяндамалар жасайды. Пандемия жағдайында қоғам өкілдері және азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына кеңінен тарту мақсатында агенттік «Antikor.life» жобасын қолға алды. Бұл жоба бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы контент онлайн түрде үнемі жарияланып отырады. Осы уақытқа дейін 350-ден астам тікелей эфир жүргізілді. Департамент автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп баптау сапасын бақылауды қарастыратын «Сапалы жол – адалдық алаңы» және жолаушылар мен теміржол көлігімен жүк тасымалдау саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Адал жол» жобаларын іске асырып келеді. Аталған жобалар аясында үнемі бұқарамен мониторингтер жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша ұсыныстар енгізіледі. Мәселен, жұмыс тобы өткен жылы Көкшетау, Степногорск қалаларында және аудандарда 27 кездесу өткізіп, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына сараптама жасады. Нәтижесінде 70-тен астам заң бұзушылық анықталды, олардың жойылуын жұмыс тобы өз бақылауына алды. «Адал жол» жобасы шеңберінде былтыр 15 рейд жүргізіліп, жол жүру билеті жоқ 29 жолаушы және 21 рәсімделмеген жүк анықталып, 12 адам жауапқа тартылды. Департамент жанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын бағалау және сыртқы талдау бойынша арнайы мониторингтік топ жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру және адалдық қағидаттарына тәрбиелеу мақсатында 2019 жылы аумақтық ақпараттық ағарту штабы құрылған болатын. Бүгінгі күні штабтың құрамында 30-дан астам қоғам белсенділері мен түрлі ұйымдардың өкілдері бар. COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған экономикалық мәселелерді шешуде кәсіпкерлікті қолдауға зор мән беріліп отыр. Мемлекет басшысы мемлекет құрылымының қандай да бір кәсіпкерлікке заңсыз араласуы мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде қабылдануы тиіс деп айтты. Осы орайда, облыста «Protecting Business and Investments» бизнес пен инвестицияны қорғау жобасы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта департамент жалпы инвестиция сомасы 690 миллиард теңгеден асатын 66 бизнес жоба бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүргізуде. Осы жобалардың 11 процентіне шетел инвесторлары қатысуда. «Protecting Business and Investments» жобасы іске асырылғалы бері 19 кәсіпкер мен инвестордың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шағын және орта бизнеске заңсыз араласудың бірқатар деректерінің алдын алып, қылмыстық-құқықтық шаралар қолданылды. Жоба іске асырылғалы 43 өтініш түсті. Оның 20-сы кәсіпкерлердің пайдасына шешілсе, қалғанына түсініктеме берілді. Мемлекеттік бюджеттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау үшін департамент сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізеді. Соның арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезеңінде анықталып, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, енгізілген ұсыныстардан кейін мемлекеттік органдар сатып алуды жоспарлаған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қойылған жоғары бағаны төмендету жолымен шамамен 520 миллион теңге үнемделді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша қоғам белсенділерінің рөлін арттыру мақсатында, бөлінетін бюджет қаражатын көрсетуге және бақылауға, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасын масштабтау жұмысы жалғасуда. Бүгінгі күні түрлі сала ұйымдарының 2800-ден астам бюджеттері жарияланды. 2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «TALAP» қолданбалы зерттеу орталығымен, Нидерланды корольдігі елшілігімен және парламентаризмді дамыту қорымен бірлесе отырып, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» негізінде «Ашық бюджет» жобасы жұмысын бастады. Ондағы мақсат бюджетті қалыптастыру мен жұмсауға азаматтардың қатысуы мен хабардарлығын арттыру, сондай-ақ, өз қаржыларын сауатты бөлуге тарту арқылы мемлекеттік басқаруда азаматтық белсенділік танытуға ықпал ету. Жоба шеңберінде ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы бюджет қаражаттарының тиімді және мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар, ашық бюджет жобасында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында құзырлы мамандардың азаматтарға тегін кеңес беруі қарастырылған. Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желілерінде бұл жоба шеңберінде 26 тікелей эфир өтті. Департамент қызметкерлері COVID-19 вирусымен күресу үшін өңірлерге шетелден келетін гуманитарлық көмектің мақсатты үлестірілуін бақылауды тұрақты жүзеге асырады. Және қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, көмектің соңғы тұтынушыға дейін жеткізілуін қамтамасыз етеді. Гуманитарлық көмектің қайта сатылу деректерін жою үшін «Гуманитарлық көмек. Тегін. Сатуға болмайды» арнайы мөртаңбасы қойылады. Бүгінгі күні Қытай, Ресей, Түркия, Израиль, Грузия және басқа мемлекеттерден 700 мыңнан астам жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмектер, медицина бұйымдары гуманитарлық көмек ретінде келді. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуін болдырмау мақсатында департамент өкілетті органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, дәріханаларға, медициналық мекемелерге және қоймаларға мониторинг жүргізді. Дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсірудің 32 дерегі анықталды. Анықталған заң бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Осы орайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аса маңызды шараларының бірі екенін айтқым келеді. Өткен жылы өңірде сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабар берген 9 адам 1,5 миллион теңге көлемінде сыйақы алды. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында департаменттің бастамасымен және облыс пен республикаға танымал тұлғалардың қатысуымен әлеуметтік бейнероликтер ұйымдастырылды. Әр дүйсенбі сайын сағат 17.00-де «Kokshe» телеарнасының эфирінде «Antikor.news» жаңалық дайждесі, аптаның жұма күндері мемлекеттік және орыс тілдерінде «Адалдық алаңы» арнайы бағдарламасы көрсетіледі. Осы ретте, облысымыздағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ауқымды жұмыстар жайлы айта келе, «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы жайлы да тоқталып өтсем деймін. «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі облыс әкімімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақтық департаменті басшысымен бекітілген іс-шаралар жос-парына сәйкес екі жыл қатарынан жұмысын жалғастырып келеді.Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызы зор екенін ескере отырып, жоба жіті бақылауымызда. Оның іске асырылуы облыс әкімінің аппарат кеңестерінде, актив жиналыстарында және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі комиссияларда қаралады. Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстың барлық оқу орындарында «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы белсенді жұмыс істеуде. Адалдық сағаттары, түрлі конкурстар мен семинар-тренингтер облыстағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаюына септігін тигізді. Мәселен, 2018 жылы кәмелетке толмағандар арасында 156 құқық бұзушылық тіркелсе, 2019 жылы – 110, ал, өткен жылы 83 дерек анықталды. 2020 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде Волонтер жылы ұранымен өткені белгілі. Осыған орай, былтыр «Жақсылық акселераторы» әлеуметтік жобасын қолдадық. Волонтерлермен бірге біздің қызметкерлеріміз де көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына, мұқтаж жандарға қол ұшын бергенін ерекше атап өткім келеді. Осы жоба аясында 178 отбасына азық-түлік, көмір және киім-кешек тапсырылды. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мемлекеттік сектордың ғана емес, барша халқымыздың басты міндеті болып табылады. Сондықтан, іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әрқайсымыз үшін басты қағидатқа айналуы тиіс.
Мұрат ТӨЛЕУБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.