Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақ түтек боран әбігерге салды - АРҚА АЖАРЫ

Ақ түтек боран әбігерге салды

Қаңтардың басындағы үскірік аяздың соңы ақ түтек боранға ұласып, облыс тұрғындарын біраз әбігерге салды. Табиғаттың тосын мінезі салдарынан облыстың бірқатар ауданында ондаған автокөлік соқтығысты және жиырмадан астам адам құтқарылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.

Қаңтардың алғашқы күндері ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Соңғы күндердегі ақ түтек боранға байланысты облыс аумағында барлық бағыттардағы автокөлік жолдары уақытша жабылды. Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Целиноград, Шортанды, Бурабай аудандарында автокөлік кептелістері орын алды. Облыс бойынша жолда қалған барлығы 500-ге жуық адам және 200-ден астам техника қар құрсауынан босатылса, оның ішінде 36 адам жылыту орындарына жайғастырылды.
Автомобиль жолдарын тазалау мен құтқару жұмыстарына жол қызметі, жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылды.
– Құтқарушылар екі күн бойы табиғат апатымен күресті. Қазіргі кезде ауа райы жағдайы едәуір тұрақталып, облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың қайта ашылғанымен, құтқарушылар жұртқа әлі де алыс сапарға шықпауға кеңес беруде. Өйткені, синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері күн күрт суытуы мүмкін. Сондықтан, жолға шыққанда абай болайық, – деді Нұрлан Атығаев.
Осы ретте, департамент басшысы атап өткеніндей, қазіргі кезде жедел әрекет ету мақсатында департаменттің жеке құрамы толықтай күшейтілген жұмыс режиміне көшіп отыр.
Сонымен қатар, департамент басшысы 2020 жылғы желтоқсанның 31-і мен үстіміздегі жылдың 12-ші қаңтары аралығында облыс аумағында 67 өрт оқиғасы тіркеліп, 3 миллион 700 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілгенін атап өтті. Түтіннен иіс тиіп 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге көп болып отыр.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар