Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сағынышты жырдың самалы - АРҚА АЖАРЫ

Сағынышты жырдың самалы

Тегінде өнер тектен даритын қасиет болса керек. Бердіханның туған ағасы Азамат марқұм да жұлып алма сөзге мықты еді. Азекеңнің тауып айтқандары ел ішінде көп. «Толар-толмас мектептің, болар-болмас директорымын» деп өзін таныстырған осы Азекең болатын. Сол сияқты Бердіханның да жатып атар жаяу мысқылы, əдемі əзілі, зілсіз юморы бар еді.

Сол себепті де бала жастан сатира жанрына қалам тартып, оларын жергілікті газеттерде бастырып жүріпті. Бердіхан бауырымды сырттай танитынмын. Тағдыр, дəм-тұз айдап, Көкшеге көшіп келіп, қалалық «Көкшетау» газетіне тілші болып орналасыпты. Редакцияға барғанда көрдім. Жылы ұшырасып, жақын таныстық. Қас-қабағына қарасам көңілсіздеу сияқты көрінді. Əрине, бөтен ортаға үйренісіп кету оңай емес қой. Ішкі пікірім ішімде кетіп, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, жазушы Жабал Ерғалиев ағама айттым. Жұмысқа алу туралы. Ол кісі қарсы болмады. Сөйтіп, Бердіхан облыстық газетке келді. Бір бөлімде, бір кабинетте жұмыс атқардық. Үйіміз де жақын, көрші болды. Жұмысқа бірге келіп, бірге кетіп жүрдік. Мінезі біртоға, ісік-желігі жоқ, əдебиетке жаны құштар, жақсылыққа жанашыр азамат еді. Жұмысқа да бірқазық болатын. Аз уақыттың ішінде газеттің қыр-сырын игеріп те алды. Жылы жымиып, жұмсақ сөйлеп, əдеппен қатынасатын ибалы мінезі оны ортада қадірлі етті. Мені нағашым деп атап, еркелейтін. Жаңа жұмыс, əдеби-журналистік орта оған тың, жаңа серпін берді. Шығармашылыққа біржола ден қоя бастаған еді. Қолы қалт еткенде жазғандарын оқып, əдеби пікірдің талқысына салатын. Өзінің сыпа бойы жинақы, жазған-сызғандарын қаттап-шоттап жүретін ыждаһатты əдеті бар екен. Ол журналистикамен бірге сатираға, поэзияға қалам тартты. Патша поэзияның қыр-сырын үйренуге талпынып, өлеңдерін жаңаша сипатта өрнектеуге ден қойды. Өзі қандай қарапайым, жылы болса, өлеңдері де сондай қарапайым, жұғымды, жинақы еді. «Жол бойында туған ой» деген өлеңінде ақын Бердіхан Орындықұлы былай депті:
Аспанында шырқалады асқақ əн,
Алатаудың бауырында астанам.
Сынып, ұшқан тағасы едім Тұлпардың,
Қазақ елі, құшағыңды аш маған.

Қыран қанат қарсы ал, қəне, Тау ұлын,
Амансың ба, Атажұртым, қауымым?!
Сағынышым сан ғасырлық тарқасын,
Құшақтайын, құшағыңды аш, Бауырым!
Бердіхан ақынның осы өлең жолдарында атажұртын аңсап жеткен қазақтың еш бүкпесіз сезім-сыры берілген. Шынайы. Іркіліссіз. Қарапайым, бірақ өршіл рухқа, саналы сағынышқа толы. Бейне бір Мұқағалидың «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» дегені сыңайлы. Ақынның «Сынып ұшқан тағасы едім тұлпардың» деуінде терең мəн бар. Қилы заман кешкен текті қазақтың тағдыр-талайы көрініс табады. «Құшақтайын, құшағыңды аш, бауырым!» деген бір жолда қандай мөлдір, буырқанған аңсарлы сезім жатыр деңізші?! Бердіханның нəзік сезімге, аңсарлы сырға толы көп өлеңдері бар. Оның барлығын талдап жату мақсатымыз емес. Оқырманның өзіне қалдырдық. Бердіхан Орындықұлы өте нəзік жанды, бар нəрсені жүрегіне қабылдайтын, өнерлі жігіт еді. Əуелетіп əн де салып, шыр айналып əдемі билейтін де. Оның «Өзім туралы» деген өлеңінде былайша сыр бөлісуі шындық еді.
Ертелi кеш елеулi ермек етерлiк,
Достарым бар, дұшпаным да жетерлiк.
Əртiс жiгiт болмасам да əндетiп,
Той-думанда ел көңiлiн көтердiк…
Əттең, талантты, талапты азаматтың өмірі қысқа болды. Мынау қысталаң өмірдің қыспағы мен ауыртпашылығын ет жүрегі көтере алмады-ау. Өмірдің бар қызығын енді көріп, əдебиетке қамшылап атын қосайын деген тұста бұл жалғанды тəрк етіп кете берді. Артында Мұрагердей ұлы мен жазған шығармалары қалды. Сондықтан да, Бердіхан өлген жоқ. Ол əдемі, сырлы өлеңдерімен бізбен бірге жасай береді. Ақын Бердіхан Орындықұлының əдеби мұрасын жинап-теріп, баспаға да-
йындап, осынау жыр жинағының баспадан шығуына қолұшын берген азаматтарға алғысымыз зор. Рухың шат болсын, жақын бауырым!

Ерболат Баят,
PhD докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар