Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
БЖЗҚ комиссиясының төмендетілгені туралы - АРҚА АЖАРЫ

БЖЗҚ комиссиясының төмендетілгені туралы

Қазақстан Ұлттық Банкінің бастамасымен салымшылардың мүддесі үшін БЖЗҚ комиссиясын төмендету мақсатында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 2 қаңтардағы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында тиісті түзетулер енгізілді.
Бұл өзгерістер салымшылар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға аудара алатын БЖЗҚ, Қазақстан Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар арасындағы комиссиялық сыйақыны бөлуді, сондай-ақ оның шекті мөлшерлердің деңгейінің төмендеуін көздейді.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, БЖЗҚ үшін тек зейнетақы активтерінен комиссия құрылады. Сонымен бірге көрсетілген комиссиялық сыйақының шекті мөлшері 60 пайызға – зейнетақы активтерінен айына 0,025 пайыздан 0,01 пайызға дейін төмендетілді.
Қазақстан Ұлттық Банкі мен инвестициялық портфельді басқарушылар үшін шекті мәндерді белгілей отырып, инвестициялық кірістер бойынша комиссия қарастырылған. Инвестициялық кіріс бойынша нақты алынған комиссия мөлшері қайта қаралып, жыл сайын белгіленіп отырады.
Сонымен бірге, Қазақстан Ұлттық Банкінің ұсынысымен оның комиссиялық сыйақының шекті мөлшері инвестициялық кірістің 73-7,5 пайыздан 2,0 пайызға дейін төмендетілді.
Егер бұрын БЖЗҚ инвестициялық кірістен комиссия алған болса, онда жаңа талаптарға сәйкес сыйақы тікелей инвестициялық портфельді басқарушыға түседі. Бұл салымшыға инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысы бақылауға мүмкіндік беріп, өзіне тиімді шарттарды таңдауға жағдай жасайды.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар