Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қажеттіліктен туындаған жаңа міндеттер - АРҚА АЖАРЫ

Қажеттіліктен туындаған жаңа міндеттер

Президентіміздің қоғамдағы саяси реформаларды одан әрі тереңдетуде нақты бағыт ұстанып отырғанына тағы да куә болып отырмыз. Парламенттің біріккен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сайланған Мәжілістің алдына бірқатар міндеттер қойды.

Соңғы сайлаудың қорытындысы бойынша Мәжіліс пен мәслихаттарға жаңа, ысылған, тәртіпті адамдар келді. Мұның өзі саяси бәсекелесті тудырады. Өзіміз білетіндей, әйелдер мен жастар үшін 30 процент квотаның енгізілуі тың леп әкелгендей. Сонымен қатар, Парламенттік оппозиция саяси күштердің рөлін арттыруы мүмкін екендігін атап өтті.
Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі 7-ден 5 пайызға төмендетілуі келешекте тіркелген партиялардың сайлауға қатысуына, халықтық барлық топтарын тыңдауды ескеруге мүмкіндік береді. Омбудсмен институтына қазіргі уақытта көпшіліктің көңілі толмайтыны, әлі де қоғам тарапынан нақты бағасын алмағаны, заңнамалық дәрежеде жетілдіру қажет екендігі де айтылды. Көптеген дамыған елдерде омбудсмен институты берік орнығып, адамдардың құқықтарын қорғауға, заңдардың сақталуы мен орындалуына, мемлекеттік қызметкерлердің заң бұзушылыққа мүмкіндік бермеуіне қызмет етеді. Әрине, егер біз құқықтық мемлекет құрғымыз келсе, азаматтарымызды заң жүзінде қорғайтын орта қалыптастырғымыз келсе, осы салада әлі де жұмыс істеуіміз керек екендігі белгілі.
Ендігі сайлау бюллетеньдерінде «бәріне қарсымын» графасын кіргізу қоғамның демократиялық үрдістерін арттыруға, халықтың, сайлаушылардың барлық бөліктерінің пікірін тыңдауға, ойларын бөлісуге, назарға алуына септігін тигізетінін баса айтты.
Біз әрқашанда Мемлекет басшысының бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайына, азаматтардың құқықтарын қорғауға мән беретінін көріп отырмыз. Болып жатқан өзгерістер, жүргізіліп жатқан реформалар жүйелі түрде бірқалыпты іске асып жатыр. Оның нәтижелері мен басымдықтарын қазіргі уақытта қоғам оңтайлы қабылдап отыр.
Айталық, зейнетақы жүйесіндегі оң өзгерістер, яғни, азаматтардың зейнетақы қорының бір бөлігін қайсыбір мақсаттарға пайдалануға болатындығы қазірдің өзінде көпшіліктен қолдау тауып отыр. Балалар қауіпсіздігі, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаппай спорт пен денсаулықты дамыту, отандық бизнеске, кәсіпкерлікке қажетті жағдай жасау, аймақтардың даму деңгейін көтеру, шағын елді мекендерді, ауылдарды көркейту – стратегиялық айқындайтын мақсат екендігі баса айтылды.
Президент сапалы заңнамаларға, олардың қажеттілігі мен маңыздылығына баса көңіл аударды. Сот билігінің тәуелсіздігін нығайту арқылы, осы салаларда реформа жүргізу, жаңа білікті мамандарды тартуды қолға алып, азаматтардың құқықтарын жүйелі түрде қорғауға қол жеткізуіміз керек. Осылай қазақстандық сот жүйесін әлемдік өркениеттік стандарттарға жеткізу жолы одан әрі айқындалып отыр. Бұл әрине, құптарлық жағдай.
Негізі Президенттің ойы айқын, мақсаты нақты, яғни, сапалық заңнамалар арқылы реформаларды өткізе отыра еліміздің, халықтың әл-ауқатын көтеру айшықты, межелі табыстарға жету болып табылады.

Аманбай Сейітқасымов,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының
кандидаты, доцент.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар