Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Батырдың ауылына келіңіздер!.. - АРҚА АЖАРЫ

Батырдың ауылына келіңіздер!..

Бұл елді мекен астанадан Бурабай бағытына шыққанда тоқсан шақырымдай жерде орналасқан Еңбек ауылы деп аталады. Сағадат деп отырғанымыз Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының №1 Халық Қаһарманы, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов. Яғни, жерлес ағамыз. Кезінде өзінің қатысуымен туған жерінде мерейтойлары атап өтілді. Ол кісі 2013 жылы 89 жасында дүние салды.

Сол тас жолмен Еңбек ауылының тұсынан сан рет өтіп жүріп, жолаушылардың басым көпшілігі Батырдың елі екенін білмейтіндігіне көзім жетті. Осы кемістікті қалай жою керек екендігін ойлап жүріп, шағын бағдарламаның жобасын жасап, аудан әкімінен қолдау таптым. Бұл жобаны іске асыру үшін біраз қаржы қажет еді. Демеуші табу үшін ағамыздың атындағы Жас Ұлан мектебіне бірнеше рет бардым, ақырында бізде артық қаржы жоқ деген жауап алдым.
Қорғаныс министрлігінің кейбір азаматтарымен сөйлесіп едім, олар да мүмкіншілігі жоқтығын білдірді. Әртүрлі әдістермен Алматыдағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қордың президенті Махмут Нәлібаев мырзамен байланысып едім, көмектесетінін білдірді. Бұл кісі өзінің көмекшісі Қали Бүркітбайұлын жіберіп, екеуіміз Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қабылдауында болып, мектеп пен мәдениет үйін күрделі жөндеуге қаражат сұрадық. Таяуда Еңбек ауылына барғанымда мектеп директоры Қ.Т.Баймолдина: «Мен осы мектепте қырық жылдан астам қызмет істеймін, мұндай жөндеу жұмысы еш уақытта болған емес. Ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар да дән риза» деп отыр. Осындай сөзді мәдениет үйінде жаттықтырушы Райле және тағы басқа қызметкерлерден де естідім. Жалпы, Сағадат ағамыздың жерлестері Ермек Боранбайұлына рахметтерін жаудыруда.
Осы бағдарлама бойынша ауылға дейінгі төрт шақырым жолды жөндеу, орталық көшені жарықтандыру, автобанның Еңбек ауылы тұсына билборд қою қарастырылған болатын. Осы жұмыстарды аудан әкімі Алпысбай Қуандықұлы ауданның бюджетінен қаржы бөліп, атқарып шықты. Мәдениет үйінде Сағадат ағамызға арналып музей жабдықталып жатыр. Осы шаруалардың уақытында сапалы орындалуын қадағалап, тіпті, кейбір басшылармен сөзге келіп қалып жүрген Еңбек ауылының әкімі Сағындық Абахановқа және де осы ауқымды істерді атқаруға өз үлестерін қосып жатқан басқа да жанашыр азаматтарға зор ризашылығымды білдіргім келеді.
Енді бітпеген бір-екі шаруа бар. Ол да Сағадат ағамыздың алдағы туған күніне дейін атқарылады деген ойдамын. Жалпы, Сағадат Қожахметұлының ауылына келіңіздер, ол кісінің кіндік қаны тамған жерді көріңіздер. Батыр туралы біраз мағлұмат аласыздар деп есептеймін.
Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
Ақкөл ауданының құрметті азаматы.
Суретте: ауыл әкімі Сағындық Абаханов пен Еркін Дәуешұлы батырға орнатылған билбордтың жанында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар