Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші кезекте кімдер алады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші кезекте кімдер алады

Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап елімізде халықтың белгілі бір топтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда.

Осы ретте, Ақмола облысында 2021 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен барлығы 92 840 адамға вакцина салынбақшы. Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, бірінші кезеңде вакцина жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, жан сақтау, бастапқы медициналық санитарлық көмек бөлімшелерінің, аурухананың қабылдау бөлмелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің медицина қызметкерлерінен құралған 6 916 адамға салынатын болады. Наурыздан бастап екінші кезең басталады. Бұдан соң жалпы білім беретін мектептер мен университеттердің мұғалімдері мен оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметтердің қызметкерлеріне (барлығы 62 611 адам) вакцина салынады. Сәуір айынан бастап вакцинаны мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – барлығы 10 368 адам ала бастайды. «2021 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен Ақмола облысының 92 840 тұрғынына  вакцина салынады. Осы ретте, ресейлік «Спутник V» вакцинасы қолданылады», – деді Айнагүл Мусина. Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері атап өткендей, ақылы вакцина салу бойынша мәселе әлі шешілуде, әзірге вакцинаны ақылы түрде сатып алу мүмкін емес. Өйткені, бүгінгі таңда Қазақстанға тәуекел тобындағыларға тегін вакцина салу үшін бір реттік әкелуге рұқсат етілген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар