Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдары жоқ, бірақ, намыстары бар екен - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдары жоқ, бірақ, намыстары бар екен

Бұрын Көкшетау облысының Красноармеец ауданындағы «Тернов» совхозының бөлімшесі болған Кеңес ауылында қазір жалғыз ғана үй қалған. Онда осы ауылдың тұрғыны Нәдірбек Бақтияров жылқы бағып, шаруа қожалығын ұстап отыр. Қалған сексендей үйден тұратын ауыл тұрғындарының жағдайларының болмауынан жан-жаққа қоныс аударып, көшіп кеткеніне біраз уақыт өткен. Осы ауылға, ондағы зиратқа анда-санда жолымыз түскенде, үйлерінің құр орындары ғана қалған ауылдың аянышты халі жаныңды ауыртады.

Бұл орайда, осында тіршіліктің иісін шығарып, тарап кеткен ауылдың шырақшысындай болып отырған Нәдірбек інімізге алғыс айтқың келеді. Соның ет тірлігімен ауылдан бір ғана болса да, түтін ұшып, өмірдің бары сезіледі. Сонымен бірге, бұл ауылдың жан-жаққа тараған тұрғындары қотандағы мешітті де сақтап, ұстап отыр. Өздері басқа жерде жүрсе де, сыны кете бастаса, сылап-сырлап, жөндеп қоятын сол мешіт аман-есен тұр. Құрбан айтында осы жерде кіндік қаны тамған, тай-құлындай тебісіп, күліп-ойнап өскен ауыл тұрғындары міндетті түрде туған елді мекендеріне келгілері, осындағы ата-баба зиратына зиярат еткілері келіп тұратыны бар. Бір шеті Елордамыздан бастап, қаншалықты шетте жүрсе де бәрі осында жиналып, айт шалулары, заманның тауқыметімен көзден бұл-бұл ұшқан туған ауыл құшағындағы өткен жылдарды сағынышпен еске алулары бұлжымас заң болып кеткен.
Мың жыл отырса да жалықтырып көрмейтін ауыл табиғаты да қандай тартымды. Айнала қайыңды шоқтар, іргесінде сонау соғыс кезінде елге оралған талай азаматтардың жаралары жазылған емдік қасиеті мол саз балшықты көл. Ауыл тарап кеткенімен, естіп-біліп, әр жерден келетін емделушілер бұл көлдің сол балшығынан қазір де ем қабылдап жатады. Бір кезде мұнда трактор-егіс бригадасы мен тауарлы-сүт фермасы болған. Осы жолдардың авторы да жолдамамен бөлімше веттехнигі болып жұмыс істеген.
Сондай қимас тұстарына қарамастан, ауыл бүгінде жоқ. Алдымен мектебі жабылған, мектеп жабылған соң белгілі, тұрғындарының да алды қозғала бастады. Ақыры, жұмыс жоқ, жағдай жоқ, ауыл біржола құрып кетті.
Дегенмен, жүректері әрдайым «Кеңесім» деп лүпілдейтін ауыл азаматтары осы күндері жер-жерде жаппай жүріп жатқан «Менің Туым – менің Қазақстаным!» патриоттық акциясында үнсіз қала алмады. Сексен мен жетпісті алқымдаған үлкендерден бастап көп адамдар бұл жолы да ауылымызда осы акцияны өткіземіз деп туған топырақтарына жиналды. Өз тумаларының осындай елдік іспен қотанында тағы да төбе көрсеткеніне, елін, жерін ұмытпай, Кеңесінің атын шығарғанына, кеше бар, бүгін жоқ ауыл жұрты да біртүрлі тебіреніп, толқып жатқандай еді. Намысшыл жігіттердің қолында желбіреген көк туларға, мінетін аттары мен олардың әдемі жабуларына, келісті ұлттық киімдеріне дейін өздерімен бірге ала келген ауыл азаматтары үшін бұл челлендж қасиетті мешіт үйінің алдында басталып, Қостанай облысында бірқатар жауапты қызметтер атқарып, абыроймен зейнет демалысына шыққан ел тумасы Қасым Рамазановтың берген батасы көпшіліктің рухын одан сайын көтере түсті. Бұдан кейін осы шараға қатысушылар үш күн бойы ауылдың бас көтерер азаматтары дамыл таппай, қалың қардан тазалап шыққан дала жолымен көк байрақты желбіретіп, елдіктің ерен үлгісін көрсете жүйткіп өтті.
Осылай ел арасында үлкен қолдау тапқан бұл акция барысында алғаш рет тарап кеткен ауыл азаматтарының да ет тірлігін, отаншылдығын көрдік, намыстары мен қайраттарына жанымыз сүйсінді. Енді осындай жігер мен табандылықтан кенде емес ауыл азаматтары бұл күндері кейбір әлеуметтік желілерде жазылып жатқанындай, өз ауылдарын қайта көтеру ниетін де қолға алып көрсе, нұр үстіне нұр.
Қайырбай ТӨРЕҒОЖА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар