Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Карантин: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы реттелді - АРҚА АЖАРЫ

Карантин: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы реттелді

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның №8 жаңа қаулысы шықты, мұнда №3 қаулыға аздаған өзгерістер енгізілген.
Жаңа қаулымен Ақмола облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының (соның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның, 1414 call-орталығының және виртуалды ассистенттердің) жұмысы реттеледі. Енді жұмыс күндері олар 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Бұл ретте, азаматтарды қабылдау электрондық үкімет порталы немесе call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау арқылы жүзеге асырылады.
Қаулы сондай-ақ, Ақмола облысының қалалары мен аудандарының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріне қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты оларға ведомстволық бағынысты аумақта карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде дербес шешім қабылдауға құқық береді.
Қаулы 2021 жылғы 24 қаңтардан бастап күшіне енді.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар