НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облысы бар. Бүгінгі матрица Қазақстанның «қызыл» аймаққа кіргенін көрсетіп тұр. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.https://www.inform.kz/kz/koronavirus-kazakstan-kyzyl-aymakka-kirdi_a3744769