Коронавирусқа қарсы вакцинаны 18-ге толған, жазбаша түрде келісім берген және екпеге қарсы реакциялары жоқ азаматтар ғана салдырта алады. Кімге вакцина салдыруға болмайтыны туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты.
Маман Алматы емханаларында «Спутник V» вакцинасы мен иммундауды жүргізу алгоритмдері туралы айтып, коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салдыра алатынын және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы екенін атап өтті.
–Вакцина екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші компонентте 0,1 медициналық дозада, содан кейін 21 күнде 0,5 медициналық дозада салынады, – деді дәрігер ӨКҚ онлайн-брифингте.
Сондай-ақ маманның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе вакцинацияға қарсы көрсетілімі жоқ, келісім берген және 18 жастан асқан азаматтарға ғана салынады. Қолдануға қарсы көрсетілімдер: вакцинацияны немесе осыған ұқсас компоненттері бар вакцинаның қандай да бір компонентіне аса сезімталдық, анамнезінде ауыр аллергиялық реакциялары бар, жіті инфекциялық және созылмалы инфекциялық емес аурулары, созылмалы ауруларының өршуі, жүктілік және емізулі кезеңде, жасы 18-ге толмаған тұлғаларға вакцинаны салдыруға болмайды.
Вакцинация жасау шарттары:
Емханада қаралып, пациенттің сауалнамасын толтырып, ерікті мәліметтерге келісім беру керек.
–Эпидемиологиялық анамнез кейінгі 14 күн ішінде инфекциялық науқаспен қарым-қатынаста болса, сондай-ақ, соңғы 14 күн ішінде ауру симптомдары болса, SARS-COVID2 коронавирусқа ПТР тест жүргізіледі. COVID-19 жұқтырып, ауырған және SARS-COVID2 вирусқа G және M класты иммуноглобалинге оң нәтижесі бар адамдарға вакцина салынбайды. Вакцинация алдында міндетті түрде дәрігерлер қарайды. Медицина қызметкерлерін науқасқа вакцинациядан кейінгі мүмкіндік асқынулары туралы ескертіледі және ақпараттық материалдар бар ескертпе береді, – деді маман.
Дәрігердің айтуынша, вакцинациядан кейін науқас 30 минут бойы медицина қызметкерінің бақылауында болады. Келесі үш күн ішінде қысқа мерзімді жалпы ұқсас синдром болуы мүмкін: дене қызуының көтерілуі, сырқат, бас ауруы және денеде реакция болуы мүмкін. Егілген дене бөлігі ауырып, ісіну, қызаруы мүмкін.
–21 күн өткенде екінші доза салынар алдында дәрігер қайта қарайды. Екінші компонентпен вакцина жасауға қарсы көрсетілімдер бар-жоғын анықтайды. Егер де қарсы көрсетілімдер бар болса, ол вакцинадан кейінгі асқынуға жатады. Иммунизациядан кейін жанама әсерлер болған жағдайда медицина қызметкерлері міндеті түрде науқасқа көмек көрсетуі және дер кезінде стационарға жатқызуға, медицина мекемесінің басшысына дереу мәлімет беруге, жанама әсер пайда болғаннан кейін аймақтық денсаулық сақтау басқармасына және аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлауға міндетті, – деді дәрігер.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын айтқан еді.