Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирусқа қарсы вакцинация: Қайда, қалай, қашан? - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирусқа қарсы вакцинация: Қайда, қалай, қашан?

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпан айында Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарға вакцина егіле бастайды. Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары коронавирусқа қарсы вакциналау туралы егжей-тегжейлі  түсіндірме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вакцинация міндетті ме, оны кімдер алады?

Қазақстанда вакцинация ерікті түрде салынады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның келісімімен ғана жүргізіледі.

Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.

Вакцинация препараттың келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте вакцина алуға коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары жатады.

Одан әрі иммундауға жататын халықтың осал топтары қамтылады. Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпид қызмет мамандары егіледі.

Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет мамандары вакцинацияланады.

Үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады.

Бұдан басқа, халықтың қосымша осал топтары: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және басқаларды қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.

Халықтың осал топтары үшін коронавирусқа қарсы егу тегін жүргізіледі.

COVID-пен ауырғандар вакцина салдыра ма?

Мамандардың айтуынша, нұсқаулыққа сәйкес вакцинацияға дайындық кезінде антиденелердің болуы туралы анықтама қажет етілмейді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес, COVID-пен ауырып сауыққаннан кейін вакцинация 6 айдан ерте жүргізілмеуі қажет.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.

Спутник V» вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Сәйкесінше оны тек Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. Қазақстанда өндірілген вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-ші кезеңінен өтуде. Бүгінгі күні отандық вакцина жөніндегі бекітілген нұсқаулық жоқ, сондықтан осы вакцина бойынша контингент анықталуда.

Қазақстанда қандай вакцина қолданылады?

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинация басталады.

Одан әрі 15 ақпаннан бастап, вакциналау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылады.

2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакциналау процесіне отандық — QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр. Бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-кезеңінен өтуде.

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак (Ресей ғалымдары әзірлеген вакцина — ред.) вакцинасы тек Қазақстан Республикасында қолдану үшін пайдаланылады.

Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта «Sinovac», «Sinopharm» (Қытай), «Phizer» (АҚШ) қосаалғанда, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина өндіруші бірқатар мемлекетпен келіссөз жүргізуде.

Вакцинаның жанама әсері бола ма

Сонымен бірге, сарапшылар вакцинаның жанама әсері жөнінде пікір білдірді. Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, иммунизациядан кейінгі ықтимал көріністері, вакцинаны енгізу, сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтері бар вакцина нұсқаулығы талап етіледі.

Осыған байланысты, қарсы көрсеткіштерді қазіргі уақытта тізіп шығу мүмкін емес. Адамның ағзасы кезкелген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалыптастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын атап айту маңызды.

Медицина қызметкерлері кезкелген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық сырқаты болса, вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылады.

Бұл ретте аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі әрбір адамның организмі әртүрлі. Дер кезінде мән беру үшін адам вакцинадан кейін 30 минут (медициналық мекемеде) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.

Одан кейін 3 күн бойы тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауына алынады.

Бұдан басқа, вакцина алған әрбір адамның қолына вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсер орын алған жағдайда хабарласа алатын емханалардың телефон нөмірлері бар жадынама беріледі.

«Спутник V» вакцинасының сапасы қандай

Аталған вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша, бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген.

Ал кейбір елдер (Беларусь, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде оны сәтті қолдануда. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу кезінде дәрілік заттың сапасын растайтын өндірушінің қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар құжатының электрондық көшірмесі болуы қажет (талдау сертификаттары немесе сынақ есебі немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережелері бекітілді.

Қазақстан қандай вакциналар әзірлеп жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген коронавирусқа қарсы вакциналар арасында Қазақстан өндірісінің 5 үміткер вакцинасы бар.

Біріншісі – клиникалық зерттеулер кезеңінде тұрған Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген инактивті вакцина.

Қалған төртеуі: 1) Қазақ ұлттық аграрлық университеті Огайо штатының университетімен бірлесіп (АҚШ) әзірлеген вакцина; 2) Қазақ ұлттық аграрлық университеті; 3) М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы; 4) БҚП ҒЗИ әзірлеп жатқан және клиникаға дейінгі зерттеулер сатысындағы суббірлік вакцина.

Сарапшылар коронавирус инфекциясын ақарсы вакцина тез әзірленді деген пікірге жауап берді. Пандемия кезеңінде вакцинаға аса қажеттілік туындады. COVID-19 вакцинасын әзірлеу бүкіл әлемде коронавирусты жаппай жұқтыру және адамның жаппай өлімі орын алғандықтан, аса шұғыл жағдайда өтті.

Бұдан басқа, фармацевтикалық компаниялар проблеманың ғаламдық деңдейде болуына байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурс жұмсады. Бірақ оның жылдам әзірленуі компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын айналып өтті деген сөз емес.

Н.Ф. Гамалей атындағы ЭжМҒЗО-ның «Спутник V» вакцинасына келсек, олалдыңғы әзірлемелерге сүйене отырып жасалды.

Орталық пандемияға дейін SARS-CoV-2 коронавирусы да жатқызылған РНҚ бар қабықты вирустарға қарсы вакциналар мен препараттар жасаудың технологиялық платформасын ашқан болатын.

Вакцинацияның электрондық паспорты

Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз – вакцинаның медициналық тарихы. Бұл, вакцина қабылдайтын халықты бақылау, мониторингілеу және үздіксіз қарау үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль.

Қазіргі уақытта Вакцинацияның электрондық паспортын әзірлеу аяқталып келеді. Паспорттың жұмыс қабілеті медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, ал пациенттер үшін – eGovMobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы іске асырылмақ.

Вакцинацияның электрондық паспорты вакцинация ем-шарасынан өткен соң, тікелей eGovMobile мобильдік қосымшасында қол жетімді болады.

Вакцинацияның электрондық паспорты азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, егу кезеңдері, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі бақылау туралы ақпарат қамтылады.

Коронавирусқа қарсы екпе алған танымал тұлғалар

АҚШ-та жаңадансайланған президент Джо Байден вакцина алды – ол 78 жаста және тәуекел тобына жатады. Байденге Pfizer және BioNTech вакцинасы егілді.

Гвинея Президенті Альфа Конде – «Спутник V» вакцинасы егілген алғашқы көшбасшы. Аргентина президенті Альберто Фернандес те Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жасаған.

Түркия президенті Режеп Ердоған Сorona Vac қытай препаратымен коронавирус инфекциясына қарсы егілді.

Ватиканда 84 жастағы Рим Папасы Франциск пен 93 жастағы Рим Папасы Бенедикт XVI Pfizer вакцинасын қолданды.

Актер және Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер Pfizer және BioNTech вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді.

Америкалық деректі кинорежиссер Оливер Стоун Ресейде өндірілген «Спутник V» коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны алды.

Сондай-ақ, елімізде жоғары лауазымды 19 тұлға, оның ішінде Қорғаныс министрі вакцина жасатты. Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салдырды. Сондай-ақ, еріктілердің қатарында ҚР Президентінің көмекшісі ЕрланҚарин, Жамбыл облысының әкімі БердібекСапарбаев вакцина алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар