Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вакцинаны салуға болмайтын санаттар жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Вакцинаны салуға болмайтын санаттар жарияланды

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның қандай жағдайда ем болмайтындығын айтып берді.

«Ең алдымен анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар, жүктілік және бала емізу кезеңдері, 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарттар. Қазіргі уақытта аталған санаттағы адамдарды вакциналау туралы деректердің аз болуынан, біз өндірушілер ұсынатын материалдарды үнемі зерттеп отырамыз және осы санаттарға вакциналарды қауіпсіз жүргізу туралы жаңа ақпарат түскен сайын көрсеткіштер кеңейтіліп отырады», – деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр препараты бауыр мен бүйректің созылмалы ауруы барларға, қант диабеті сынды эндокриндік жүйенің айқын бұзылысы байқалғандарға сақтықпен қолдану қажеттігін ескертті. «Қан түзілу жүйесінің ауыр сырқаттарында, эпилепсия, инсульт және орталық жүйке жүйесінің басқа ауруларында, жүрек-қан тамыр жүйесі дерттерінде, бастапқы және қайталама иммунтапшылығы мен аутоиммунды, сондай-ақ, демікпе және созылмалы обструктивті өкпе ауруларында сақтық таныту қажет. Диабетпен және метаболикалық синдром, атопия мен экзема аллергиялық реакциялары, сондай-ақ, қатерлі ісік, қатерлі қан аурулары бар науқастарға вакцина саларда ағза жағдайын жекелей қарастыру керек. Яғни, бұл жағдайлар абсолютті қарсы көрсетілімдерге жатпайды және вакциналау кезінде әр науқастың жалпы жағдайына қарай байланысты дербес тағайындалуы тиіс», – деп түсіндірді М. Шоранов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар