Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вице-министр вакцина салынар алдында қандай тексерулер болатындығын айтты - АРҚА АЖАРЫ

Вице-министр вакцина салынар алдында қандай тексерулер болатындығын айтты

2021 жылдың ақпан айынан бастап елімізде халықтың жекелеген топтарын коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу кезеңдері басталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бірінші кезекте медицина қызметкерлері, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, сондай-ақ басқа да бейіндегі қызметкерлер; екінші кезеңде педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері наурыз айында; үшінші кезеңде, студенттер сәуірден бастаса, мамыр айында вакцина көлемінің жеткілікті болуына қарай халықтың қалған контингенті қамтылады. Айта кету керек, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды. КВИ-ға қарсы вакцинациялау 6 миллион адамды қамти отырып, осы жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, бірінші вице-министрдің айтуынша, вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. «Вакцинация жүргізер алдында дене температурасы өлшенеді, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалады. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады», – дейді Марат Шоранов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар