Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Әдеп-ғұрыптары

Табалдырық аттау. Ұл жақтың адамдары қыз жаққа құда түсе келгенде, қыздың жеңгелері құдаларды үйге кіргізбей табалдырық аттатпай тосып алады да, «табалдырық аттар бер» деп каде сұрайды. Дайындалып келген құдалар көйлегін, не ақша беріп, табалдырық кадесін өтеп барып үйге кіреді, төрге шығады. Оны қазақ кадесінде «табалдырық аттау» деп атайды. Қазақта «табалдырықтан артық тау жоқ, кадесін өтемесең одан асқан дау жоқ, жеңгеден озған жау жоқ» деп қалжың айтып каде өтеп үйге кіруді жақсы салт, танысудың сыры, кісі сынаудың сыны еткен. Қазақта «табалдырықта бақ тұрады» табалдырықты құрметтемеген бағынан айырылады, «табалдырықтың екі жағында тұрып қол алыспайды, ондай жерде жау болатын адамдар ғана алысады» деп санайды.
Құйрық-бауыр. Қазақ жолында құда түсіп сөйлесіп, құдалық бекіскенде, қыздың әке-шешесі құдаларының алдына әкеліп малға бата жасатады, ақ сары бас қойын сояды. Мол ет асады, каделі жілігін түгел қалдырмай асады. Көрші-қолаңдарын қалдырмай шақырады. Алдымен езіліп піскен қойдың май құйрығын әдемілеп ұсақтап турайды да оның үстіне шала піскен қойдың бауырын ұсақтап турап араластырады. Оның үстіне азырақ ырымдап ақ ыдыстан айран құяды да, құдалардың алдына әкеліп қояды. «құйрық-бауыр жедік, құдай дестік, құда болдық» деп құдалықты осы кадемен бекітеді. Оны қазақ кадесінде «құйрық-бауыр» деп атайды. Құйрық-бауыр жеуде екі жақ бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деген нанымды ырым жатыр. Қазақ ырымында құдалық бекіспей тұрып, әсте «құйрық-бауыр» жемейді. Құдалық бекіп құйрық-бауыр жескен соң екі жақта әсте айнымайды.
Жасау. Қазақтар қызын ұзатқанда неше пар киім, көрпе-жастық, сырмақ, қазан-ошақ тағы басқа мал, үй-мүліктерін беріп ұзатады. Оны қазақ кадесінде «жасау» деп атайды. Қазақ аналары қыз жасауына айрықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі.
Сәлем салу. Сәлем салу дәстүрі келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын-жұртына деген құрметі мен сәлемі деп білген. Беташар кезінен бастап сәлем салу басталады. Сәлемді ата-баба салтымен иіліп немесе тізесін бүгіп салады. Ал, сәлемге ие болған адам: – Бақытты бол, балам! – деп ықыласын білдіреді немесе қарт аталар мен аналар жас келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Жас келін бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ ана болғандықтан, ата-ене үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады. «Жақсы келін – қызындай, жақсы күйеу – ұлындай» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Келіннің келін болып түсе сала, өзіне артылған міндеттері бар. Таңертең ерте шай қою, дастарқан жайып шай беру, үй тазалығы, ауылды жерде ошақ басындағы қызметі, мал жайғастыруы, сиыр сауып, күбі пісу. Келін болып түскен күннің ертеңіне-ақ, таңертеңгісін, осы тірліктерге араласпас бұрын, ізеттілік көрсетіп, ата-енесіне тізе бүгіп, сәлем салады. Келін үлкендер алдында орамал тартып жүреді. Ол да үлкендерге көрсеткен құрмет.
Өңір салу. Қыз ұзатылып, өз алдына отау болған қызына қыздың туыстары қайталай шашу алып келеді. Құтты болсын айтады. Үйге арнап көбінде терме бау, сырмақ, ожау, қазан, қасық, саба, ине-жіп әкеліп, отауды көріктеп өз қолдарымен тағады. Оны қазақ кадесінде «отау көріктеу», «өңір салу» деп атайды. Өңір сала келген әйелдерді, отау иесі ақсарыбас қойын сойып, асты-үстіне түсіп күтіп, дән риза етіп қайтарады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар