Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанның бас санитары вакцина алғаннан кейінгі хал-жағдайын айтты - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанның бас санитары вакцина алғаннан кейінгі хал-жағдайын айтты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов вакцина салдырды және егуден кейінгі хал-жағдайын айтты. «Ешқандай қолайсыздық сезіп тұрған жоқпын. Ең алдымен вакцина алатын адамды дәрігер тексереді, анамнез алынады. Дене қызуы, қан қысымы, жұтқыншақ тексеріледі. Содан кейін дәрігер ол адамға вакцина салуға рұқсат береді. Пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Егер ол барлық процедуралармен келіссе, 21 күннен кейін вакцинаның екінші кезеңіне де келуі керек», – деді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында. Оның айтуынша, барлық кезеңде барлық жауапкершілік емдеу мекемелеріне жүктеледі. «Барлық жауапкершілік ортақ болады. Әрине, денсаулық сақтау министрлігі әр жағдайды дербес қарастырады. Әрбір өңірлік денсаулық сақтау басқармасының жанынан айрықша реакция секілді жағдайларды тексеретін арнайы комиссиялар құрылады», — деп түсіндірді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Қазақстанда вакцина ерікті түрде салынады. Елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар