Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық министрлігі вакцина туралы қаңқу сөздерге жауап берді - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық министрлігі вакцина туралы қаңқу сөздерге жауап берді

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов өздері туралы әлеуметтік желідегі «Шын вакцина салмады» деген пікірлерге жауап берді.

«Бүгін сіздердің (БАҚ өкілдері – ред.) алдарыңызда осы қораптар мұздатқыштан шығарылды және ашылды. Флаконның қалай ашылғанына куә болдыңыздар. Мұнда бөтен адамдармен ешқандай манипуляция жасалмағанын көрдіңіздер. Барлығы қолданыстағы нұсқаулар шеңберінде жасалуда. Енді біздің вакцина алғанымыздың шын екенін тілшілер жеткізуі керек деп ойлаймын», – деп жауап берді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында. Еске сала кетсек, елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Қазақстанда вакцина ерікті түрде салынады. Одан кейін 15 ақпаннан бастап, вакциналау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылады. Ал 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакциналау процесіне отандық – QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар