Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық сақтау вице-министрлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық сақтау вице-министрлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Вице-министрлерге ресейлік Sputnik V вакцинасы егілді. Егуден бұрын олар тексеруден өтті және вакцинаға қарсы көрсетілім жоқ екені анықталды. Алдымен вакцинаны Ерлан Қиясов, одан кейін Ажар Ғиният алды.

Сонымен бірге дәрігерлер вакциналаудан кейін қандай сақтық шараларын ұстану керегін түсіндірді және егуден кейін вице-министрлер емханада жарты сағат дәрігерлер бақылауында болды. «Мен үнемі вакцина аламын. Бұл – ең тиімді қорғаныс құралы, сондықтан вакцинаға қол жеткізген алғашқы елдердің бірі болғанымызға қуануымыз керек. Жеке өзім вакцина арқылы медицина мамандарын, тұтас халықты қорғай алатынымызға қуандым. Ресейлік, қазақстандық вакциналарға келсек, барлық вакцинаның қорытындысы бір – ағзада коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет/антиденелер пайда болады. Вакцина саларда да еш уайымдаған жоқпын. Өйткені мен дәрігермін және вакциналық препараттардың артықшылықтары мен кері әсерлерінен хабардармын», – деді Ажар Ғиният тілшілерге берген сұхбатында. Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Қазақстанда вакцина ерікті түрде салынады.

Одан кейін 15 ақпаннан бастап, вакциналау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылады. Ал 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакциналау процесіне қазақстандық – QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр. Бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-кезеңінен өтуде. 31 қаңтарда Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар